• 27 ноября, 2024 8:16 пп

«Шым Сити» және Тұран шағын ауданында  тәулігіне елу мың текше метр су айдайтын қосымша кәріз жүйесі іске қосылмақ

Автор:admin

Сен 7, 2023

Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, мегаполистегі кәріз жүйесінің өзекті мәселелерін 2025 жылға дейін шешу мақсатында қазіргі тазарту имаратының жанынан қосымша кешен құрылысы салынуда. Бүгін сала басшылары  аталған құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын қадағалады.  Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр ағын су тазарту имараты жұмыс істеп тұр. Көктем мен күз айларында кәріз тазарту имараттына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды сулар келіп қосылады. Сондықтан тазаарту имараты жанынан салынып жатқан қосымша нысан тәулігіне 50 мың м3 ағын суды өткізе алады. Тағы бір айта кетерлігі, бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатқандықтан, кәріз жүйесін тұтынушылар санының күннен күнге артуы.  Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды.  2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне  Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үйлер қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар 264 мыңнан асады.  Осыған орай  Еуропалық Даму және қайта құру Банкінің  «Жасыл қала» бағдарламасы аясында кәріз тазарту имаратының қосымша ғимарат салу жоба құны – 3,5 млрд. теңгені құрайды. Жобаны ЕҚҚДБ қаржыландырады, қолдау қаражаттары 1,75 млрд. теңге мөлшерінде, ал мемлекеттік қолдау 1,75 млрд. теңге.  Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіліп, 2024 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған. Сондай-ақ жұмыстарды өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқтап, нысанды қолданысқа беру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелген. Бұдан өзге Шымкент қаласы Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында да кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin