Ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Халық игілігіне айналатын бұл маңызды жоба республика бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Әсіресе бас шаһарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде астананың 4 мыңнан астам тұрғын үйі газ желісіне қосылған. Қазіргі таңда үйлерге «көгілдір отын» кіргізу үшін техникалық шарттарды алу процесі жеңілдетілген. Осыған байланысты үй-жайын экологиялық таза отынмен жылытқысы келген тұрғындардың қатары да көбейе түсті. Дегенмен мұндай игілікті пайдалануға қолы жетпей жүрген отбасылар да жоқ емес. Қазақ жері газға аса бай. Қазіргі табылған көлемінің өзі шамамен 70 жылға жетеді. Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда алуға келетін 3,8 триллион текше метр газ қоры бар деп бекітті. Әлеуетті ресурстары 6-8 трлн текше метрге дейін жетеді. Газ қоры жөнінен Қазақстан әлемде 22-орында. Ал ТМД бойынша 3-орында тұр (Ресей және Түрікменстаннан кейін). Тәуелсіздік алған 1991 жылы елде 7,9 млрд текше метр «көгілдір отын» өндіріліпті, ал 30 жыл өткенде ол 56 миллиард текше метрге жуықтады. Құрылымы бойынша өндірілетін қазақстандық газ негізінен, «ілеспе мұнайлық газ» болып келеді. Ал тек газды және газды конденсатты кен орнына Амангелді және Шағырлы-Шөмішті кен орындары жатады. Бүкіл барланған газ қорының 98%-ы Қазақстанның батысында шоғырланған. Соның ішінде 87%-ы – ірі мұнай-газ және мұнай-газды конденсатты кен орындарына тиесілі. Нәтижесінде, республикада өндірілген «көгілдір отынның» 90%-ына жуығын Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және Жаңажол жобалары қамтамасыз етіп отыр. Осы мақсатта да біздің Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамға газ берілді. Салтанатты шараға бір топ халық қалаулылары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов сынды мәжілісмендер, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Аталған орамда 800-ден астам үй қоныс тепкен. Нақты 4140 халық тұрады. Көгілдір отынға қол жеткізген халық енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп, қуанып отыр. Көптен бергі арманымыз орындалды. Қыстың күні бүрсең қақпай, аяздарда тоңбайтын болдық,-деді ақжаулықты аналар. Естеріңізде болса, шаһар басшысының тапсырмасына сай, Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орамды газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған еді. Балтыр жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, жұмыстар 100 %-ға аяқталған. Құжаттары дайын болған тұрғындар газды үйді-үйлеріне кіргізіп алуда.
Jsk ақпарат