• 19 сентября, 2024 4:59 пп

ШЫМКЕНТ: 2026 ЖЫЛЫ 48 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНАДЫ

Автор:admin

Сен 3, 2023

     Сандаған ғасырлар бойы шетсіз-шексіз сары даланы салт атпен кезген халқымыз жол азабын өзгеден артық білеріне күмән жоқ. Жол азабы – жан азабы! Сондықтан да пәлсапашыл қазақ халқы «Жол мұраты – жету» деп нақыл еткен. Әсілі, тіршіліктің, экономиканың күретамыры саналатын жол  кез келген мемлекеттің әлеуметтік жағдайының көрсеткіші бола алады. Сондықтан өзге елмен байланысын арттырып, қарым-қатынас орнатқысы келген мемлекет ең бірінші жолдың сапасына назар аударуға тиіс. Тәуелсіз ел атанғалы бері Қазақстан үшін де жол инфрақұрылымын дамыту – маңызды міндет. Президент тапсырмасына сай елімізде автожолдардың сапасын жақсарту мақсатында көптеген жаңа жобалар қолға алынып, тиімді жұмыстар атқарылуда. Осы жылы жол салу және жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі 85 млрд теңгені құрады. Биылғы жылдың бюджетін нақтылау кезінде Инвестициялар және даму министрлігі қосымша 30 млрд теңге бөлді. Облыс әкімдіктері де жергілікті бюджеттен қаржы қарастырды. Жалпы, қаржыландыру көлемі 145 млрд теңгені құрайды. Мемлекет басшысы таяуда туризм әлеуетін арттыру мәселесі бойынша сөз қозғап, жол инфрақұрылымын дамыту мәселесіне кезекті рет тоқталған. «Инфрақұрылымға қордан 9 миллиард доллар бөлдім. 5,5 мың шақырым жол – қазақтар мұндай жолды ешқашан көрген емес. Біз бес жылда 4,5 мың шақырым жол салдық, тағы 5 мың шақырым жол саламыз. Барлық қаржы институты бізге сенеді және бізге сол ақшаларды береді. Бұл қала еліміздегі үшінші мегаполис. Республиканың оңтүстігінде орын тепкен шырайлы қала туралы естімеген жан жоқ шығар, сірә!  Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1-санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы М. Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды. Келелі жиынға Шымкент тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin