• 25 ноября, 2024 7:32 пп

ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА 188 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП, 30 АЯЛДАМА ОРНАТЫЛҒАН!

Автор:admin

Авг 6, 2022

Шымкент қаласында инфрақұрылымды дамытуға арналған жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты қала экономикасына қызмет ететін сапалы жолдар үлесін арттыру. Айта кетейік, қаладағы көлік жолдарының жалпы ұзындығы 3200 шақырымнан асады. Қазір жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 60 пайыз шамасында. Мегаполис шаһардың көшелері ретке келіп, жаяу жүргіншілер жолы да салынып жатыр. Ал, қоғамдық көлік мәселесі қашан да өзекті.  Тиімді және бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру, транзитті және көлік қызметтерін дамыту, технологиялық және институционалдық ортаны жетілдіру арқылы экономикалық өсуге және ел тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу. Шымкентте 2021 жылы 309,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, осы жылы жалпы 361,1 шақырымды құрайтын 190 нысанға жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  Оның ішінде: құрылыс және қайта құру жұмыстары 67,4 шақырым жолға жүргізіледі, күрделі жөндеуден 19,3 шақырым жол, орташа жөндеуден 261,1 шақырым, 122,7 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жыл соңына дейін. Бұл туралы қала әкіміне есеп беру барысында жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.  1-жартыжылдық қорытындысымен 91 нысан немесе 188,3 шақырым көшеде жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 19,3 шақырым күрделі жөндеу, 169 шақырым орташа жөндеу, 10 шақырым магистралды көше, 159 шақырым ішкі орам көшелері.  Жыл соңына дейінгі жоспарлы жұмыстардың аяқталуы нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жететін болады. Қала әкімі жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Қаламызда сонымен қатар ЖАҢА АЯЛДАМАЛАР ОРНАТЫЛУДА «Шымкентте биыл қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарланған. Шілде айынан бастап 30 аялдама орнатылды. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады» — дейді жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов.

Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат — елдімекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336 аялдама павильоны болса, қалғанына аялдама белгілері орнатылған.  2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдамалар саны 670-ке жетті.

Jsk ақпарат

Автор: admin