• 12 марта, 2025 1:53 пп

ШЫМКЕНТ ДЕНДРОСАЯБАҒЫ ЖАҢА ӨСІМДІКТЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Автор:admin

Мар 11, 2025

 

Жуырда А. Асқаров атындағы “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының” мамандары меморандум аясында «Академик Ф.Н. Русанов атындағы Ташкент ботаникалық бағына» кезекті рет іс-сапармен барып қайтты. Қызметкерлер әйгілі саябақтың ғылыми жұмыстарымен танысып, гендік қорды көбейту бойынша тәжірибе алмасты. Бізде кездеспейтін интродукциялық 84 түрлі ағаш-бұталардың жасыл қаламшалары мен 7 ағаш-бұта тұқымдары әкелінді. Сонымен қатар, оранжерияда өсетін 6 түрлі субтропикалық өсімдіктің — пальма, фикус, фикус бенджамин, шеффлерa, папоротник, плющ, вилица қаламшалары жеткізілді.

Қазір қаламшалар жылжайда егілуде. Бұл өскіндер жерсінген жағдайда дендрологиялық саябақтағы ағаш түрлері 91-жетеді. Алдағы уақытта саябақта жасыл желекті көбейту мақсатындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасады.

Автор: admin