• 25 ноября, 2024 6:24 дп

ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Авг 10, 2022

«Қазақстан – 2050» стратегиясының басты мақсаттарының бірі ұлтымыз шикізат ресурстарынан түсетін кірістерді 35 жылдан кейін пайдаланғысы келсе, бұған бүгіннен бастап дайындалу керек. Бізге арнайы стратегия әзірлеу – барлық ірі корпорациялар мен концерндер сияқты алда тұрған барлық жылдарға барша жұмысты бөліп жоспарлау үшін басымдықтарды, серіктестерді айқындап алу қажет.

Бұл – біздің төл тарихымыздың басты сабағы: Қашаған бойынша келіссөздер мен дайындықты біз осыдан 20 жыл бұрын дерлік бастадық, ал нәтижесін тек қазір ғана алуға кірістік.

Стратегияны әзірлеудің негізгі бағыттары:

  • Өңірлер инвестициялар тартуға мүдделі болуы үшін жер қойнауын пайдалануға мораторийді жою қажет.
  • Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшуге тиіспіз. 2025 жылға қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай жанар- жағармай материалдарымен толықтай қамтамасыз етуге тиіспіз.
  • Біз инвесторларды елімізге ең заманауи өндіру және қайта өңдеу технологияларын беру шартымен ғана тартуға тиіспіз. Біз инвесторларға еліміздің аумағында ең жаңа өндірістер құратын болса ғана шикізаттарымызды өндіру мен пайдалануға рұқсат беруге тиіспіз.
  • Қазақстан инвестиция үшін өңірлік тартылыс күші болуы тиіс. Біздің еліміз инвестиция үшін және технологиялар трансферті үшін Еуразиядағы ең тартымды ел болуға тиіс. Мұның принципті маңызы бар. Біз инвесторларға қолда бар артықшылықтарымызды көрсетуге тиіспіз.
  • Барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс. Осы мақсатта Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бұл кездесуге қоғам белсенділері, ауыл билері мен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те қатысты.

—           2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер,-деді шаһар басшысы.   Жалпы Достық шағын ауданында 2686 үй, нақты 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625. Мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-гі жобаны 957,838 млн. теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.

Jsk ақпарат

Автор: admin