• 25 ноября, 2024 7:37 дп

ШЫМКЕНТ: ЖАЗҒЫ СУРДЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН III СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Сен 8, 2022

Шымкентте жазғы Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша ҚР III Спартакиада ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін бәсеке 06-10 қыркүйек аралығына жоспарланған. Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Мақсұт Пернебайұлы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қала әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалатынын атап өтті. С.Ерғалиев аталған спорт түрлеріне жеткілікті қолдау бар екенін айта келе, дене шынықтыру саласына үлес қосқан бірқатар азаматтарды арнайы төс белгімен марапаттады.

Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен, спорттың 11 түрінен 1000-ға жуық спортшы қатысады. Атап айтқанда, қол күресі, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, таэквондо, бадминтон, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, футзал және дойбыдан сайыстар өтеді.

Республикалық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізудегі мақсат – есту қабілеті төмен азаматтарды дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануға тарту, аталған спорт түрлерін кеңінен насихаттау.  Айта кетсек, Сурдлимпиадалық спорт түрлері Шымкент қаласында қарқынды дамып келеді. Биыл Бразилияның Кашиас-де-Сул қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен Сабыржан Рсалы күміс жүлдегер атанған болатын. Шымкент қаласынан биылғы Спартакиадада 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай — ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. «Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.» Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл — ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin