• 15 августа, 2025 3:35 пп

Шымкент: Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптары газдандырылды

Автор:admin

Авг 15, 2025

 

Шымкентте қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Жұлдыз /жаңа құрылыс аумағы/ және Жалын тұрғын алаптарында табиғи газды қосуға қатысты.

Айта кетейік, газ құбырларының құрылысы өткен жылдың тамыз айында тұрғындармен көшпелі кездесулер кезінде айтылған өтініштері бойынша басталған болатын. Бүгін Жұлдыз шағынауданында 834 абонент және Жалын шағынауданында 566 абонент көгілдір отынға қол жеткізді.

Жалпы 33 шақырымнан астам газ құбыры салынды. Осының арқасында екі тұрғын алабы да орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.

Қала әкімі тұрғындардың көптен күткен қуанышына ортақтасып, мердігерлерге жұмыстарды сапалы және уақтылы орындағаны үшін алғыс айтты.

Айта кету керек, газға қосылу үшін тұрғындар техникалық шарттарды алуға өтініш беруі керек. Мұны «eGov Mobile» қосымшасы немесе электрондық үкіметтің веб-сайты egov.kz.
арқылы жасауға болады

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin