• 24 ноября, 2024 2:11 дп

ШЫМКЕНТ: ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор:admin

Май 28, 2022

Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар. Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер  Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек. Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды құрылып, оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кірген. Осыған сәйкесінше Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК базасында «Зерттеу жұмысы арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» Халықаралық студенттер ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияға Саха Республикасының (Якутск қ.), Татарстан Республикасының (Казань қ.), Ресей Федерациясының (Волгоград қ.), Тәжікстан Республикасының (Душанбе қ.) және Қазақстан Республикасының 15 оқу орнының студенттері мен олардың жетекшілері қатысты  Конференциясының жұмысына Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Ж.Бекбауова, Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік бөлім басшысы М.А.Медетбекова, Шымкент қаласы білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманы Ж.Б.Алтаева, Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік бөлімінің әдіскері Э.Н.Исаева қатысты.  Жалпы конференцияға 109 студенттердің жұмыстары ұсынылды. Барлық жұмыстар сараптамалық комиссия мүшелерімен қаралды. Конференция қатысушылары баяндамаларды тыңдап, талқылады, зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша пікір алмасты. Өткізілген іс-шара студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында кәсіби дағдыларын жақсартуға, болашақ орта буын мамандарын даярлауға ықпал етеді деген қорытындыға келді. Бүгінгі конференция өзінің басты мақсатына жетті – шетелдік оқу орындарымен халықаралық байланыстарды дамыту, білім беру процесін жетілдіру, халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, мамандарды даярлау сапасын арттыру және студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Jsk ақпарат

Автор: admin