ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтің төрағалығымен өткен іс-шараға Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары полиция департаменттерінің тергеушілері және прокуратура, сот, қаржылық мониторинг агенттігі және екінші деңгейдегі банктер өкілдері қатысты. Кездесу ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар ғаламтордағы алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді тергеу процесінде туындайтын проблемаларды және оларды шешу, бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын талқылады. Онлайн түрде жасалатын алаяқтықтың профилактикасы мен оны болдырмау мақсатында полицейлермен кешенді шаралар қабылданып, белсенді жұмыс атқарылуда. Аталған қылмыстармен күресу үшін арнайы «Киберпол» бөлімдері де құрылған. Тұрғындармен интернет-алаяқтықтың құрбаны болмас үшін және одан сақтану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде екені атап өтілді. Көшпелі семинар-кеңес қатысушылары тәжірибе алмасып, интернет-алаяқтықты тергеу сапасын жақсартуға ықпал ететін тәсілдер туралы пікірлерімен бөлісті. Шымкентте кейінгі жылдары интернет алаяқтық қылмыстары өршіген. Осыған байланысты онымен күрес те тиісті орган тарапынан күшейіп жатыр. Жуырда интернет алаяқтарға алданып қалмаудың алдын алу мақсатында қалалық полиция департаментінде жиын өтті. Блогерлер, журналистер, қоғам белсенділері қатысқан отырыста полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев ғаламтор арқылы алаяқтар халықты қалай алдайтынын баяндап, осы мәселені жалпақ жұртқа кеңірек жеткізу керектігін айтты. Полиция полковнигінің мәлімдеуінше, интернет желісінде болатын қылмыстар саны кейінгі жылдары күрт артқан. Мәселен, 2024 жылы мегаполисте 1 124 интернет алаяқтық қылмыстар тіркелсе. Былтыр ғаламтор желісінде халықты сан соқтырып кеткен алаяқтық деректер 991 болған. Ал биыл алғашқы екі айда 118 осындай қылмыс саны тіркелген. Маманның айтуынша, алаяқтардың ғаламторды оңай олжа табудың құралына айналдыруының басты себебі адамдардың жасы бар, кәрісі бар күндіз-түні интернетті пайдалануында болып отыр. Есесіне солардың кесірінен ақшалай келтірілген залал көлемі де артып барады. Оның нақты мысалы, былтыр орын алған 991 интернет алаяқтық қылмыстан 870 млн теңге мемлекетке шығын келген. Дәл осындай жиын мұның алдында да қалалық прокуратура ғимаратында болған.
Jsk ақпаратт агенттігі