Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта кәсіпкерлік құрайды. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада 530 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы 5 жылдықта Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өңірлік өнімдегі үлесін 50%-ға жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ өткен жылы Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 29,1 млрд. теңгеге 30 жобаға қолдау көрсетілген. Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2 396 млн. теңгеге 418 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 576 млн. теңгеге 100 жаңа жобаға қолдау көрсету көзделіп отыр. Кейінгі жылдары Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсіп келеді. Бұл ретте қалаға тартылған инвестиция көлемінің тұрақты өсімі байқалады. Мәселен, өткен жылы Шымкент қаласының экономикасына тартылған қаражат көлемі 278,5 млрд теңгені құрап, 40,9 пайызға артқан. Осылайша, былтырғы қалаға тартылған инвестиция көрсеткіші бойынша Шымкент елімізде екінші орыннан көрінді. 2800-ден астам тұрғыны бар Тассайда көптен күткен қуаныш! 300-ге жуық үй табиғи газбен қамтылды. Сайрам тұрғын алабының Тассай бөлімшесінде табиғи газ жүйелерінің құрылысы 2019 жылы толық аяқталған болатын. Газ құбырының ұзындығы –7,507 км. Бұған дейін абоненттеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін құжаттары дайын болған үйлерге газ қосылды. Игі шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев, Мұратәлі Қалмұратов пен қоғам белсенділері қатысты. «Көріп тұрмыз, жолдар жөнделіп, лоток қойылыпты. Таза су да кірген екен, енді міне көгілдір отынға қол жетіп отыр. Қандай керемет! Шымкентіміз күннен күнге шырайланып, шалғай жатқан елді мекендердің сәні кіре бастаған. Игі істің артында қаншама еңбек жатыр. Пайдалануға берілген әрбір нысан игіліктеріңізге жарасын!»-деді халық қалаулылары. Өз кезегінде жергілікті халық та билік өкілдеріне алғысын жаудырды. Жалпы Қаратау ауданына қарасты Тассай шағын ауданы ауыз сумен, мемлекеттік жүйедегі электр жарығымен толық қамтылған. Бұдан бөлек, осы жылы Мұңайтпасов 1,2 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 2,5 шақырым, ені 6 метрді құрайтын 2 көшеге асфальтбетон қабаты төселді. Сонымен қатар аяқжол салынып, жол жиегіне суағарлар орнатылды.
Jsk ақпарат