• 21 ноября, 2024 10:36 пп

Шымкент: САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

Автор:admin

Янв 20, 2022

Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күнделікті тексерілуде. Жыл басынан бері 8 мониторингтік топ аудандағы 141 кәсіпкерлік нысанға (33 тойхана, 97 қоғамдық тамақтану орны, 8 ірі сауда орталығы, 3 базар) мониторинг жүргізген.

Тексеру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне қаулы талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Заң бұзушылық анықталған жағдайда, алгоритмге сәйкес дәлелдемелер жинақталып, құзырлы мекемеге жолданып жатыр. Бәріне қойылатын басты талап – бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты ұстану. Ал бизнес субъектілерінде- «ASYQ» қосымшасы мен санитайзер болуы шарт.

Мониторинг топта аудан әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті тәртіп сақшылары, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бар.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «қызыл» аймақта. Тұрғындарды короновирус инфекциясының таралуына жол бермей, санитарлық талаптарды сақтауға, ревакцинация жасауға шақырамыз!

Jsk ақпарат

Автор: admin