• 25 ноября, 2024 4:55 дп

ШЫМКЕНТ: ТАЗАЛЫҚ ӘР АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

Автор:admin

Сен 5, 2022

Барлығымыз деніміз сау болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Денсаулығымыз мықты болы үшін спортпен айналысып, әркезде де таза жүрсек болғаны. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Апайымыз бізге әрқашанда тазалық денсаулықтың жақын досы деп айтып отырады. Адамның сырт келбеті де, ішкі жан дүниесіде таза болуы шарт. Сырт келбеттің тазалығы сені ортады әдемі етіп көрсетсе, жан дүниеннің тазалығы адамдар арасындағы абыройынды жоғарылатады. Жан дүниенің тазалығына сенің адалдығын мен мейірімділігін, өтірік айтпайтын шыншылдығын, өзгеге көмектесетін жанашырлығын жатады. Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылда күз бен көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазалау сенбілігі болып тұрады. Барлық сыныптар мектеп ауласын бөліп алып, өздеріне белгіленіп берілген аумақты тазалап, гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, тазалаймыз. Көшедегі су ағатын арықтарды да тазалап, егістікке баратын судың жолын ашамыз. Мұнын бәрі тазалықтың тармақтары. Бақытты өмір сүргіміз келсе әркезде де таза болып жүрейік. Қоршаған ортаның тазалығы менің түсінігім бойынша барлық адамзаттың міндеті деп ойлаймын. Таза ұстау қазіргі таңда экологияны яғни, қоршаған ортаны қорғау ең басты мәселе болып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, зиян келтіруге жол бермеу керек. Жануарларға, өсімдіктерге қиянат  жасамауымыз керек. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, сақтау әр адамзаттың міндеті деп ойлаймын. Өз денсаулығымызды сақтау үшін қоршаған ортаға жақсы әсер беруіміз керек. Ауаның ластануымен күресу, суды және ауыз суды  ластанудан қорғау керек. Біз адамдар барлық сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әсемдікті табиғаттан  үйренеміз. Біз де табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауымыз керек. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан әлем қоқыстың құрсауында қалып отыр деуге де болады. Өйткені шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан зардап шегеміз. Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырады. Сондай кезекті тазалау жұмыстары барысында  аулалардағы ішкі орам жолдары, сонымен қатар, негізгі  көшелер мен аяқ жолдар, ирригациялық жүйелер  тазаланды. Қоқыс алаңшалары тазаланып,  шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілді. Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес атқарыла береді. Тазалық жұмыстарының уақытылы, сапалы орындалуы аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің бақылауына алынған. Жалпы, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау- әрбір тұрғынның міндеті.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin