• 1 августа, 2025 9:16 пп

ШЫМКЕНТ: ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

Автор:admin

Июл 31, 2025

 

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы 29 – 31 шілде аралығында қонақ үй, рестораторлар бизнес әкімшілеріне және гид-экскурсоводтарға арналған оқыту семинарын өткізіп жатыр. Барлық деңгейдегі қонақ үй, ресторатор бизнесінің әкімшілеріне және гид-экскурсоводтарға арналған бұл іс-шара қатысушыларға практикалық білімді ғана емес, сонымен қатар қарқынды және бәсекеге қабілетті қонақжайлылық индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Семинарлардың спикерлері туристік индустриясында тәжірибесі мол, танымал мамандар.
Қонақжайлылық индустрия саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар, қонақ үй бизнесін дамыту бойынша сарапшы, Sheraton, Hilton Hotels и Emirates Airline халықаралық компанияларында қызмет еткен, ICBT халықаралық мектебінің бизнес-тренерлерді даярлау бойынша сертификатының иегері бизнес-тренер Диана Урманова тәжірибесімен бөліседі.
Қоғамдық тамақтану саласы бойынша сервис-тренер, сервис және қонақжайлылық саласындағы сарапшы, PhD, қызмет көрсетуші персоналды кәсіби даярлаудың алғашқы мектебінің бастамашысы, ментор, 16 жылдан аса тәжірибесі бар Машков Александр Юрьевич сабақ өтеді.
Евгений Зальберг — гидтерді, турлидерлерді, қонақүй мамандарын және туроператорларды оқытатын маман. Оқыту бағыттары — күрделі жағдайлардағы жұмыс (проблемалық туристер), жергілікті қауымдастықтарды тарту арқылы бірегей туристік маршруттарды құрастыру, туристік өнімдерді жекелендіру және тиімді таныстыру, кері байланыспен жұмыс істеу, клиентке бағдарланған қызмет көрсету дағдылары.
АҚШ-тың Бостон қаласындағы Grand Circle Corporation, компаниясында 12 жыл жұмыс істеп, турлидерден бастап корпоративтік тренер және аймақтық сапа директоры қызметтерін атқарған. Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Швейцария елдерінде туризм саласы бойынша семинар-тренингтер өткізген тәжірибелі тренер гид-экскурсоводтарға дәріс береді.

Автор: admin