• 23 ноября, 2024 6:31 пп

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІНЕ ОРАЙ ЖАРЫҚ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 3, 2023

Шымкент еліміздің басты үш шаһарынгың бірі. Мұнда қазіргі таңда 1 милион 200 мыңнан астам адам өмір сүруде. Экономикалық өсімі Қазақстанның қуатты елге айналуына өз септігін тигізетін республикалық маңызы бар қалалар қатарына енеді. Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-мамырда 10168 адамды құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңде 9772 адам). 2023 жылғы қаңтар-мамырда жаңадан туылған нәрестелер 2022 жылғы қаңтар-мамырдан 2,2% артып, ал өлгендер 5,9% кем тіркелді. Оң көші-қон айырмасы қалыптасты және 817 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-мамырда – 2045 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 246 (272), ішкі көші-қонда – 571 (1773). Осы қажеттіліктерге сәйкес қалада жеке аудандардың дамуы басты назарға алынады. Шымкент қаласында бүгінгі күні 5 аудан бар, оның құрамына шағын аудандар мен тұрғын-үй алаптары, аглемерациялы елді-мекендер тізбектері кіреді. Соның бірі Абдулабад тұрғын алабы. Бұл алапта бүгінгі күні әлі де болсын шешілмеген мәселелер баршылық. Бірақ Шымкент қаласының әкімдігі алапта атқарылатын жұмыстарды әрдайым бақылауында ұстап отыр. Бүгінде  Абдулабад тұрғын алабында «Оңтүстік Жарық Транзит»  ЖШС-нің инвестициялық жобасы аясында екі жаңа трансформатор орнатылып, 320 абоненттің электр бағаналары мен желілері жаңартылуда. Осыған дейін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек пен Шымкент қалалық маслихатының депутаты Б.Аширбаевтың Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесуі барысында  жарық жүйелерін қалпына келтіруге қатысты талап-тілектер айтылған. Тұрғындардың шағымы ескеріліп, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар,Базарқақпа тұрғын алабында 3 дана,Тұрдыабад тұрғын алабында 1 дана, Бадам-1 тұрғын алабында 2 дана ескі трансформаторлар ауыстырылып, жаңадан орнатылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз  етуге оң әсер етуде.  Халыққа қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алдағы уақыттарда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin