• 23 сентября, 2024 4:30 дп

Шымкент экономикасы: «Іскер қала» бағдарламасы кәсіпкерлер үшін тиімді жұмыс істеуде!

Автор:admin

Июн 8, 2023

Қалаға көптеп инвестиция тарту, сол арқылы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытып, халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты кеңейтуді көздеп отырмыз. Атап айтқанда, биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл аймақтарда 2024 жылы алғашқы кәсіпорындар ашылады. Оған қоса биыл «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «Стандарт» индустриалды аймағы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық орталығының аумағын кеңейтуді көзделіп отыр. Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің іскерлік белсендігі тұрақты артып келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаудың бірнеше түрі бар. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарлама аясында 7,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 592 жобаға қолдау көрсетілді. Шымкент қаласында өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие сомасы 74,5 млрд. теңгені құрайтын 79 жобаға қолдау көрсетілді.  «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 81 жоба жүзеге асты. Бұдан бөлек, қабылданған өңірлік «Іскер қала» бағдарламасы да оң нәтиже беруде. Биылғы 556,1 млн. теңгеге 62 жоба қаржыландырылды. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 1,3 млрд. теңгеге дейін 6 пайыздық несие берілуде. Жыл басынан бері 129 жобаға қолдау көрсетілді. «Еңбек» бағдарламасымен 74 шағын несие, 784 грант берілген. «Бизнес-бастау» жобасы бойынша 2 095 адам оқытудан өтті. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 674,5 млн.теңгеге 65 шағын несие берілді. Бұл жылы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға 15,6 млрд. теңге қарастырылып отыр, бұл қаражат «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, банк несиелерін субсидиялау және кепілдендіру – 2 000 жоба; мемлекеттік гранттарды ұсыну – 1 190 жоба.

Jsk ақпарат

Автор: admin