• 9 ноября, 2024 11:48 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: АБАЙ, ТҰРАН, ЕҢБЕКШІ АУДАНДАРЫНДА  8,76 ШАҚЫРЫМ ІШКІ ОРАМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАЛАНУДА

Автор:admin

Сен 8, 2023

Қыста халықты үздіксіз, сапалы жылумен  қамтамасыз ету мақсатында қазір қала аумағындағы дербес қазандықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала әкімдігінің қызметкерлері бірқатар нысанды аралап, жылу маусымына дайындық шараларын пысықтады. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен «Қуатжылуортталық-3» мекемесі арасындағы  келісім шартқа сәйкес қаладағы  16 нысанда жалпы ұзындығы 8,76 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелері ауыстырылуда. Гагарин көшесінде жалпы ұзындығы 1500 метр құбырлар жаңартылуда. Осыған дейін мұнда 340 метр желі ауыстырылған. Ал 18 шағынаудандағы Ерімбетов — Рысқұлов көшелерінің қиылысында жалпы ұзындығы 808 метр құбырды демонтаждау жұмыстары атқарылуда.  Аталған аумақтарда жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары өндірістік кестеге сай атқарылуда.  Қала басшылығы жауаптыларға жылу жүйелеріндегі барлық ақаулықты ретке келтіріп, жылу маусымына дайындық жұмыстарын 1 қазанға дейін толық аяқтауды тапсырды. Көп қабатты үйлерде жылу жүйелері толық жаңаланбаса, тұтынушылар сапалы жылу ала алмайды. «Қуат жылу орталығы-3» мекемесінің мамандары осылай деп ескертеді. Әзірге ауа райы қарасып тұрғанда жылу берушілер үйлердің жертөлесі мен пәтерлердегі ескірген құбырлар мен тіреуіштерді алмастыруға шақырады. 276 тұрғын үй сапалы жылумен қамтылады. 3,5 кило метрді құрайтын құрылысқа мемлекеттік бюжеттен 1,6 миллиард теңге бөлінген. Жұмыстың 70% айқталған. Қыркүйек айының соңынан дейін жаңарту жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Еңбекші ауданына қарасты көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында магистралдық жылу жүйесін қайта құру жұмыстары қарқынды жүруде. Мегаполистегі жалпы жылу жүйесінің ұзындығы 880 шақырымды құрайды. Қалада жылумен жабдықтау жүйесіне 2330 көпқабатты тұрғын үй қосылған.  «3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалып, қалған жұмыстар 10 күн ішінде аяқталады. «Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық дайындық үстінде. 17 сорғы стансалардан 15-і дайын, қалған екеуінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында 19,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, бүгінге дейін 97% орындалды. 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 93,7% яғни, 1863 үй жылыту маусымына дайын.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin