• 22 ноября, 2024 11:37 дп

Шымкент қаласы: «Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытындағы атқарылған жұмыс нәтижелері».

Автор:admin

Ноя 11, 2024

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігінің бөлімшесі болып табылады, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарады.  Департамент экономикалық және қаржылық қылмыстық құқықбұзушылықтарды алдын-алу, анықтау және тергеуді жүргізетін құқық қорғау органы болып табылады.   Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында Департаментпен 57 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп, өндіріспен 35 қылмыстық іс аяқталған, оның 90 пайызы сотқа жолданған. Бүгінгі таңда қаламыздағы көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша бірқатар іс-шаралар атқарудамыз. Атап айтқанда, бүгінгі мақаламыздың тақырыбы бойынша – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында нақты көрсеткіштер және нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Шымкент қаласында ішімдікті заңсыз жарнамалаған немесе сол тектес өнімдерді заңсыз сатқандар құрықталып, бүгінде өз жазаларын еліміздің заңдық нормаларына сәйкес алған. Осы орайда барлық шаһар тұрғындарын алкогль өнімдерінен аулақ болуға және деніңіздің саулығына айрықша көңіл бөлуге шақырамыз. 2024 жылдың 10 айында аталған бағытта қала аумағында жасырын 5 цех анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233 бабымен 5 қылмыстық іс тіркелді, тергеу нәтижесімен 4-і сотқа жолданды (қазіргі таңда сот қарауында), 1 іс өндірісте. Қала аумағында орналасқан дүкендерге, сауда орталықтарына заңсыз алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша ескерту хаттарын беру жұмысы жүргізілді, жыл басынан 58 дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   Егерде Сіздерде экономикалық қылмыстар туралы мәліметтер болған жағдайда Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуларыңызға болады. Сенім телефоны: 8-7252-77-14-48 немесе әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin