• 24 ноября, 2024 9:52 дп

Шымкент қаласы: «Ақтас» шағын ауданында атқарылған жұмыстар аз емес

Автор:admin

Ноя 5, 2023

Шымкент қаласы Ақтас шағын ауданы 2024 жылдың соңында табиғи газбен толық қамтылады, деп хабарлайды JSK.KZ ақпараттық агенттігі. Абай ауданына қарасты Ақтас шағын ауданы 437,1 гектар аумаққа орналасқан. Қазір онда 2 578 отбасы мекендейді. Елді мекенде жайлы ортаны қалыптастыру және инжинерлік инфрақұрылыммен қамту бағыты қала әкімдігінің жіті бақылауында. Аталған шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған. 100% мемлекеттік жүйедегі сапалы электр тартылған. Табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» ЖШС жүргізуде. Пайдалануға беру мерізімі 2024 жылдың соңына жоспарланған. Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Ақтас шағын аудандарында инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылуда. Аталған елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары былтыр басталған болатын. Ақтас шағы ауданы бойынша 16,6, шақырым, Ақтас 2 шағын ауданы бойынша 16,5 шақырым газ құбырлары тартылып, табиғи газбен қамту жұмыстары аяқталуда. Бүгінгі таңда тұрғындардың үй ішіне газ кіргізу дайындығы тексерілуде,-деді басқарма басшысы Б.Булатбеков. Айта кетейік, қазіргі уақытта газ құбырларына сынама жұмыстары жүруде. Газ құбырлары тексеру жұмыстарынан өткеннен кейін газ беру жұмысы басталатын болады. Осыған орай, Ақтастықтар «ҚазТрансГаз» ШӨФ-ке қажетті құжаттар тапсырып, техникалық шарт алулары тиіс. Құжаттары дайын үйлерге абоненттеу жұмыстары рет-ретімен жүргізілетін болады. Қала әкімдігі тексеру барысында арнайы сала мамандары мен тиісті мердігер мекемелерге жұмыс сапасы мен газ беру жұмыстарын тездетуді тапсырды. 18 көше бар. Оның 3-і асфальт, 10 тас жол, және 5-і топырақ жол. Осы жылы бірқатар жолдарға 2,8 шақырымға шағал тас төселген. Биыл атауы жоқ №3 және 4 көше орташа жөндеуден өтеді деп жоспарланған. өткен жылы 1 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Қазір №147 бағыттағы қоғамдық көлік қатынайды. Шымкент қаласының әкімдігі шалғай аудандарға инфрақұрылым тарту жұмыстарын жеделдетіп, басты жоспарға енгізгені баршамызға мәлім. Бас жоспраға сәйкес қаламыздың даму динамикасы оң нәтижиемен келе жатыр. Бұл елеулі еңбектің арқасында. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүйелендіріліп мемлекеттік стандарттарға сәйкес, үкімет бекіткен индикаторлармен жұмыс жасалуда.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin