• 27 ноября, 2024 4:43 дп

Шымкент қаласы: Нұртас шағын ауданының инфрақұрылым мәселесін шешу кезек күттірмейді

Автор:admin

Окт 16, 2023

Шымкент қаласы мегаполис болғалы бес жылдың жүзі болды. Осы бес жыл ішінде шымкент қаласына аглемерация арқылы қосылған ірілі-ұсақты шағын аудандар мен елді мекендер, тұрғын үй алаптары көп. Соның ішінде Нұртас шағын ауданы шалғай орналасқан инфрақұрылым мәселесінде кезек күттірмейтін шағын аудандардың санатында. Аталмыш шағын ауданда бүгінде 2873 тұрғын қоныстанған Нұртас шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме қазір елдімекенге ұзындығы 1,5 шақырымнан тұратын құбыр жүйелерін тартуда. Шымкент қаласы әкімідігінің өкілдері жауаптылармен бірге газдандыру жұмыстарын пысықтады. Нысан пайдалануға берілгенде елдімекен тұрғындары толық табиғи газбен қамтылады. Жауаптыларға газбен қамту жұмыстарын қарқынды жүргізіп, өндірістік кестеге сай тамыз айында абоненттерді көгілдір газға қосуды тапсырды. Қаратау ауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан Нұртас шағынауданын инфрақұрылыммен қамту үшін биылғы жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі ыңғайлы жағдай жасау тапсырмасы негізінде жүзеге асырылуда. Нәтижесінде бүгін Нұртас шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылды. Бұл шағын ауданға жалпы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын су құбыры орнатылып, тұрғындарға су беру жұмысы кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Сондай-ақ, Нұртас ш/а сапалы электр қуатымен қамту жұмысы осы жылдың қазан айында басталды. Бүгінге дейін 300-ге жуық электр бағаналары орнатылған. Бірақ, нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі. Сондықтан, нұртастықтар келесі жылы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Ал аталған шағын ауданды табиғи газбен қамту үшін мердігер мекеме де анықталды. Құбыр тарту жұмысы 2024 жылдың көктем айларында басталады. Сонымен қатар, шағын аудандағы Гүлдала мен Ақбота көшелеріне көше жарықшамдары орнатылған. Жыл соңына дейін Зере көшесі де жарықтандырылатын болады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin