• 22 ноября, 2024 12:32 дп

Шымкент қаласы: Пара алу бабы бойынша үкім жарияланды

Автор:admin

Ноя 13, 2024

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Т.-ға, Т.-ға, М.-ға  және  А.-ға  қатысты қылмыстық іс аяқталды. Тағылған айып: Сотталушылар Т. және Т. ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен / адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра айтарлықтай мөлшерде пара алу / айыпталған. Сотталушы М. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен / парақорлыққа бірнеше рет делдал болу, яғни пара берушiге және пара алушыға олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге және оны iске асыруға ықпал ету /айыпталған. Сотталушы  А. ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігімен / мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра  айтарлықтай мөлшердерде пара беру/ айыпталған. Сотта анықталғаны: Т. «Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ-нің басшысы  және Т. персоналды басқару қызметінің басшысы бола тұра, адамдар тобы болып алдын ала сөз байласу арқылы А.-ның қызын жұмысқа орналастырып беру үшін 600 000 теңге көлемінде айтарлықтай мөлшерде пара алған. М. «Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» басшысы бола тұра,  Т. мен Т.-ға 600 000 теңгені беруде парақорлыққа делдал болған. Сонымен қатар, А.,  лауазымды адамға делдал арқылы айтарлықтай мөлшерде пара берген. Сотталушылардың кінәсі дәлелденеді: Сотталушылардың кінәсі өздерінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді. Тараптардың позициясы: Прокурор сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар  Т., Т., М. және А. кінәсін мойындап, істеген іс-әрекеттеріне шынайы өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Сот қандай және неліктен жаза тағайындады:  Сот, сотталушылардың қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген іс-әрекеттеріне шынайы өкініш білдіргенін, жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын. Сот, Т.-ны  ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен  кінәлі деп танып, 6  жылға  бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.  Т.-ны ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен  кінәлі деп танып, 21 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.  М.-ны ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 9 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады. А.-ны ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 12 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin