• 24 ноября, 2024 11:51 дп

Шымкент қаласы: Тұран ауданында 85 топырақ жолға тас төселеді

Автор:admin

Сен 10, 2023

Тұрғындар көтерген мәселелердің ешқайсысы назардын тыс қалған емес. Аудан тарапынан атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі азаматтардың өтінімі мен ұсынысы негізінде жоспарға қойылды. Мәселен, 2023 жылы әлеуметтік маңызы бар 12 бағыттан тұратын маңызды жұмыстың кестесі бекітілді. Оның ең негізгі бөлігін көшелерді орташа жөндеу мен шағал тас төсеу, ирригациялық арықтарды салу, балалар ойын мен спорт алаңшасын салу, көшелерді жарықтандыру жұмыстары құрайды. Көшелердің жөнделуіне келсек, биылғы жоспар бойынша елді мекендерде 32,3 шақырымды құрайтын 39 көшеге асфальт төселеді. Жол жөндеу ісінде ең көп көше Құрсай шағынауданында. Аумақта 10,7 шақырым болған 14 көше жөндеуден өтеді. Одан кейін ауданның орталық аумағында – 10 көше, Ақтаста – 1,9 шақырым болған 4 көше, Жаңаталапта – 2, Айкөлде –2, Қазығұрт шағынауданында–1, Қарасу шағынауданыда – 2, Агропром шағынауданында –3 және Карл Маркас шағынауданында 1 көше бар. Бүгінге дейін 15 көшеде асфальт жабындысы төселіп, пайдалануға берілді. Қалған 24 көшеде құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр, – деді аудан әкімі Б.Болатбеков. Мегаполис көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейде болуы заңдылық. Десе де қала аумағындағы елді мекендерде топырақ жолдар да жоқ емес. Тұран ауданында 85 топырақ жол бар екен. Оның ішінде 16,4 шақырымды құрайтын 40 жол Құрсай шағынауданында орналасқан. Биыл осы жолдарға шағал тас төсеу жұмысы жоспарланыпты. Алғашқы кезеңнің жоспары бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы тарапынан бұл жұмыстар үшін 72,7 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінге дейін 29 көшеге тас төселіп, қалған көшелердегі жұмыс қыркүйек айында толық аяқталады дейді аудан басшысы. Ал, екінші кезең бойынша өзге шағынаудандардағы 20,2 шақырымды 45 көшеге тас төселмек. Бұл жұмыстар үшін аудан бюджетінен 81,2 млн. теңге қаржы бөлініп, Жаңаталапта – 12 көше, Арғымақта – 6 көше, Ақжарда – 6, Ақтаста – 10, Ақтас-2-де – 11 көшеге тас төсеуге жұмсалады. Қазіргі сәтте 9 көшеде жұмыстар толығымен аяқталған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin