• 24 ноября, 2024 7:53 пп

Шымкент қаласы: шалғайдағы шағынаудандарда ауыз су мәселесі шешімін табуда

Автор:admin

Сен 14, 2023

    Ауыз су қазіргі елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі. Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатқаны да белгілі. Қарапайым халықтың су зар болып отырған билік тарапы да бұл мәселеге алаңдаулы. Сонымен бірге сөзбен емес іспен мәселені шешуге барынша атсалып жатыр.  Қала және елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  2015-2017 жылдар аралығында мемлекет бюджетінен 23,5 млрд теңге бөлінді. Кейін осы шара аясында 48 жобаны іске асыру көздерліп, түрлі шаралар қабылданған болатын. Ал биылғы 2023 жылы 15 жобаны іске асыру үшін 15,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінге дейін қалалардағы және ауылдардағы сумен жабдықтау және су бұру саласында 1684 жоба іске асырылды. Биыл 338 жобаны іске асыру көзделген, қалаларда – 53 жоба, ауылдарда – 285 жоба. Өңірлерді дамыту бағдарламасымен қатар сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі жобалар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады. Жалпы, 23 мың шақырымға жуық желі салынды және реконструкцияланды. 2011-2017 жылдар кезеңінде халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі: қалаларда 82 пайыздан 93,8 пайызға дейін, ауылдарда 42,5 пайыздан 57,4 пайызға дейін өсті. Орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік қалаларда 73 пайыздан 88 пайызға дейін, ауылдарда 8,8 пайыздан 11,5 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауылдық сумен жабдықтауға жыл сайын барлық қаржы көздерінен 100 млрд теңгеден кем емес қаражат бөлуді тапсырған болатын. Қуантарлығы, 1 мың 475 ауылдықелді-мекенді жер асты су қорымен қамтамасыз ету үшін түрлі жұмыстар атқарылған болатын. 10 мыңға жуық тұрғыны бар Батыс шағынауданы биылдан қалмай таза ауыз жүйесіне қосылады. Қала басшысының тікелей бақылауындағы бұл мәселе, осы жылы оңтайлы шешімін тауып отыр. Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесі де тартылуда. Мұндағы шағынаудан халқы бүгінде ауладағы құдық суымен және тасымалды суды пайдаланып отыр. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ұзындығы 151,47 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының бүгінде 80 пайызы тартылған. Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ы тарапынан қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары күз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Демек, жыл соңына дейін Батыс шағын ауданындағы 9618 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin