• 25 ноября, 2024 12:31 дп

Шымкент қаласы: Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары ауызсумен қамтылды

Автор:admin

Окт 7, 2023

Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті болып келді. Осы кезге дейін тұрғындар ауыз суды сатып алып, тұтынды. Бұл мәселе биыл шешімін табатын болады. Ынтымақ-2 шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын. Ұзындығы 136,7 шақырымды құрайтын ауыз су құбырын тарту жұмыстарының бүгінде 90 % аяқталған. Жоба құны – 1 119,6 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 2689 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдар аралығында даму жоспары бекітілген. Жол картасында бес айқын бағыттың бірі ретінде қала аумағын инжинерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы көрсетілген. Яғни, ауыз су, электр жарығы және табиғи газ, кәріз жүйесі, сарқынды суды тазалап, кәдеге жарату, тозығы жеткен жылу жүйелерін қалпына келтіру секілді жұмыстар қаралған. Осының негізінде 12 индекатор бекітілген. Атап айтқанда, 2023 жылдың жоспары бойынша ауыз сумен қамтуды – 99 пайызға, сапалы электрмен қамтуды – 100 пайызға, кәріз желісін – 65 пайызға, табиғи газбен қамтуды – 96 пайызға жеткізу, ал, жылу желілерінің тозу деңгейін 33 пайызға төмендету мақсаты тұр. Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз суды тұтынады. Тіршілік нәрін кезекпен берілетін Құрсай, Сайрам шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында құбыр тарту құрлысы жүріп жатыр. Құрсай шағынауданында екі кезең негізінде жүзеге асып жатқан су желісі құрылысының бүгінде 90 пайызы орындалып, аяқталуға таяп қалды. Негізінен осы үш елді мекенмен қосқанда қала аумағында 6 нысанда құрлысы жүріп жатыр. Олар –Құрсай 1,2 кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам шағынауданында 1,2 және 3 кезек, Еңбекші ауданындағы Тоғыс, Айнатас, Қаратөбе, Қарабастау, Жұлдыз және Жыланбұзған елді мекендерінің жаңақұрылыс аумағындағы 2288 абонентке арналған су құбырының желісі. Басқарма басшысының сөзінше, аталған алты нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, 72 мыңға жуық адам сапалы ауызға қол жеткізеді екен. Осылайша Шымкенттің ауыз сумен қамту көрсеткіші толық орындалып, 98,5 пайыздан 100 пайызға жетеді. Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы электр мәселесі де биыл шешіледі. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталып, тұрғындар сапалы электр қуатына қол жеткізеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin