• 14 ноября, 2024 1:39 дп

Шымкент қаласы: әйел адамға қатысты зорлық-зомбылық саны төмендеді

Автор:admin

Июл 11, 2024

Қазіргідей дамыған заманда тіршілік тірегі – әйел теңдігін, табиғатынан қамқорлықты қажет ететін нәзік жандылардың құқығын қорғау қай қоғамда болсын басты мәселе болып саналады. Соған қарамастан әйелдер қауымының 40-60 пайызы отбасында, сонымен қатар, кездейсоқ жағдайындағы озбырлыққа ұшырайды. Осы бағытта Шымкент қаласының әкімдігі, құзырлы мемлекеттік органдары тұрғындар арасында зорлық-зомбылықты болдыртпауға бағытталған жиналыстар, іс-шаралар, жиындар, семинар-конференциялар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Әйелдерге қарсы жасалатын қылмыстардың басты себептері: сезікті мен зәбір көрушінің бірігіп спирттік ішімдікті асыра ішуі, маскүнемдік әсерінен өзара ұрыс-керіс, жанжалдың шығуы, тұрмыс қиыншылықтарын дұрыс түсініп, бірігіп шешім табу жолын білмеу, ер мен әйел арасындағы бірін-бірі жек көрушілік сезімнің басым болуы, зәбір көрушінің сезіктіге заттай тәуелді болуы, әйелдердің өз құқығын дұрыс білмеуі, тұрмыс тіршілігінің төмен болуы. Біраз уақыт жаны ауырып, күйзелісте жүрген, отбасындағы күйеуі немесе басқа да жақындары тарапынан қысым көрген әйел қылмыс жасауы мүмкін. Осындай жағдайлардың салдарынан әйел қолымен жасалатын қылмыс түрлері де артып отыр. Бүгінгі таңда қоғамда психологиялық ахуал тұрақсыз болғандықтан, үнемі күйзелістің үстінде жүретін әйелдер көп. Ал, олардың барлығының бірдей ақылы психологтың кеңесін алуға мүмкіндігі бола бермейді. Осындай салдармен күреспегеннен кейін әйелдер тарапынан қылмыстар орын алады. Отағасы күн сайын арақ ішіп келіп, әйелін ұрып, бала-шағасының берекесін қашыра берсе, әйел не кетіп тынады, не қылмыс жасайды. Оның ішінде адам өлтіру немесе тапсырыс беру, есірткі затын тасымалдау сияқты аса ауыр қылмыстарға барған нәзік жандылар да бар. Айтылған мән-жайларды растау үшін, статистикаға сүйене отырп, мысал кетіретін болсақ, Шымкент қаласы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 88 тұлға сотталған болса, соның 4-і нәзік жандылар. Оның ішінде, 3 тұлға жеке адамға қатысты аса ауыр қылмыстар жасаған деп айыпталған, яғни, кісі өлтіру баптары бойынша. Бұл санатпен қаралған істер бойынша әйелдердің қылмысқа бару себептерін саралап, талдау жасап, іс бойынша болған оқиғаларды зерделеу нәтижесін жинақтап қорытындылайтын болсақ, әйелдердің бұндай қылмысқа баруының басты себеп-салдары көп жағдайда бір-біріне ұқсас келеді, яғни,жоғарыда атап өткендей, әйел адамға қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің нәтижесінде орын алған. Істің сотта қаралу барысында сотталушының тағылған айып бойынша қылмыс жасау кезіндегі іс-әрекеті, мінез-құлқы, қылмысқа баруының себеп- салдары сот тергеуінде жан-жақты тергеліп, анықталып, баға беріледі. Орын алған қылмыс бойынша баяндалып өткен дәлелдемелердің жиынтығыменанықталған дәйекті деректерге сүйеніп, қылмыстық заң аумағында баға беріп, сотталушының іс-әрекеті дәрежеленеді. Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесін, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдайы мен кезеңі, оданболған ауыртпалығы т.б.) жағдайларының барлығына тоқталып, негізделіп, сәйкесінше жаза тағайындалады. Жасалған қылмыстардың орын алу себептерінің нәтижесінде нәзік жандылардың қасақана қылмысқа барғандықтары өз дәлелдерін тауып, айыпталған баптары бойынша тиісінше бас бостандығынан айыру жазаларытағайындалып, түзеу колонияларына жазаларын өтеу үшін жіберілген. Осындай жағдайларға баратын нәзік жандылардың кесірінен олардың ұл-қыздары балалар үйіне жіберіледі, балалардың жетім қалуымен шектелмей, олардың болашағына зиян келтіреді. Жоғарғы оқуға түсерде немесе мемлекеттік қызметке орналасарда туыстарының сотталғандары туралы мәліметтер көрсетіледі. Ол әрине жеткіншектерге кері әсерін тигізеді. Сөз соңында айтар тілек, қай халық болмасын, әйел затына ықыласпен қараған, қазақ халқында әйелдің орны ерекше, ана деп құрметтеп, қарындас деп еркелетіп отырған. Ер азаматтың тірегі, қамқоршысы болған әйелдер қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген. Еразаматтарымызға: отбасының ұйытқысы, берекесі, қамқоршысы – әйел затын аялайық дегіміз келеді. Ал, әйел азаматшаларға айтарымыз, сіздер,бұдан да жақсы өмір сүруге, бақытты ана, сүйікті жар болуға лайықтысыздар. Егер, құқықтық психологиялық көмекті қажет етсеңіздер, қамығып, іштен тынбай, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіздер.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin