Шымкент қаласында 2025 жылға арналған су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу үшін қалалық әкімдік Төтенше жағдайлар Департаментімен бірлесе отырып бірқатар алдын алу іс-шараларын өткізуде. Атап айтсақ:
Су тасқынына қарсы іс-шаралар Жол картасы шеңберінде 6 елді мекенде Бадам өзенінің 9 шақырым арнасын түзету және жағалауды нығайту жүргізілді, оған 5,1 млрд теңге бөлінді. Жол картасының 10 іс-шарасының 8-і іске асырылды, 2 іс-шара бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда, қала әкімінің қолдауымен ағымдағы жылы тағы 5 учаскіде 8,5 шақырым жерге Бадам өзеніне және 1 учаскіде 1,5 шақырымды құрайтын Сайрам су өзеніне жағалауды нығайту жұмыстары жоспарланған.
Қар еру салдарынан болатын су тасудың алдын алу мақсатында қауіпсіз жерге 86,5 мың текше метр қар шығарылды (2024ж.-31 мың., 2025ж.-55,5 мың). 27 учаскеде 54 шақырымнан астам ирригациялық жүйелер орнатылды. 10 мың қап және 24 мың тоннадан астам инертті материалдар дайындалды. Инженерлік жұмыстар жоспары бойынша көзделген 27 іс-шараның 24-і (немесе 88%) орындалды, ал 3 іс-шара бойынша ағымдағы жылы жұмыстар жүргізілетін болады. Ұзындығы 161 шақырым (жалпы ұзындығы 267,1 км)
27 канал (барлығы 34) қоқыстан тазартылды.
Сондай-ақ магистральдық көшелерде ұзындығы 702 шақырым және орамішілік көшелерде 586 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды. Қалалық әкімдіктің қолауымен 12 бірлік су сору құралдары және бір қайық сатып алынды. Сондай-ақ республикалық бюджеттен 302 су өткізбейтін костюм алынды.
«Көктем–2025» республикалық командалық-штабтық жаттығу шеңберінде 9 нүктеде су тасқынына қарсы практикалық іс-шаралар өткізілді. Су тасқынына байланысты төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін Департаменттің 160 жеке құрамы, 20 бірлік техникасы,
8 бірлік қайық және 57 бірлік мотопомпалар дайындықта.
Бұдан бөлек, Департаменттен басқа өңірлерге көмекке жіберу үшін 3 эшелон топтамалары дайындалды (93 қызметкер, әртүрлі мақсаттағы 17 техника бірлігі, 3 жүзу құралдары бірлігі және 26 мотопомпалар бірлігі). — деді Шымкент қаласы ТЖД бастығы Қ.Базарбаев.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
