• 26 ноября, 2024 8:13 пп

Шымкент қаласында бизнесті дамыту кешендері жүйелі жұмыс жасауда!

Автор:admin

Май 8, 2023
DCIM100MEDIADJI_0024.JPG

Шымкент қаласында бизнесті дамыту жолдарын мемлекеттік бағдарламаларды қосумен жұмыс істеуде.  «Атамекен» ҚР ҰКП шартты шығарылымға жатпайтын тауарлар тізімін кеңейтуді ұсынды. Ол үшін сарапшылар өндіріс қуаттылығына, жұмыс жүктемесіне, орналасқан жеріне және импорттаушылар тарапынан болатын жосықсыз бәсекелестік фактілеріне кеңейтілген талдау жүргізді. Талдау нәтижесі бойынша шартты шығарылымға жатпайтын тауарлар тізіміне: көлік, цемент, кабель-өткізу өнімі, азық-түлік өнімдері, жиһаз, киім-кешек және аяқ киімді енгізу ұсынылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде «Атамекен» ҰКП, «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесі және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 62 тауар позициясы: жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, цемент, әк, көлік және кабель-өткізу өнімі бойынша шартты шығарылым шектелді. ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойылып, құжат күшіне енді.  Тауарлардың қауіпсіздігіне сәйкестік сертификаты жоқ тауарларды Қазақстан аумағына шартты шығаруды шектеу сәтінен бастап цемент импорты көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалды.  Қазақстанға 6 438 тонна сертификатталған цемент әкелінді, бұл сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт көлемінің 30%-ға азайғанын көрсетеді (желтоқсан айында елге 8 918 тонна әкелінген). Осы ретте бұл шара импортқа қарсы бағытталмаған әрі жасанды тапшылыққа жол бермейді. Кәсібін адал жүргізетін импорттаушы өз тауарын Қазақстан аумағына кедергісіз әкеле алады. Аталған шараны қолдану отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді (14 цемент, 37 кабель зауыты, 8 авто өндіруші, азық-түлік, жиһаз, киім және аяқ киім өндіретін жүздеген өндіруші). Ішкі нарықты қорғауға бағытталған келесі шара «Атамекен» ҰКП Техникалқ реттеу департаменті және цементті отандық өндірушілермен бірлесіп, «Сәйкестікті бағалау. Цемент сәйкестігін растау тәртібі» ҚР СТ ұлттық стандартты әзірлеуі болды. Импорттық цементі сертификаттау үшін сарапшы-аудиторлардың баруымен өндірісьің жай-күйіне сараптама жүргізу алғаш рет енгізілді және сертификаттың жарамдылық мерзімі 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды. Цемент өндірушілерінің мәліметі бойынша, аталған стандарттың күшіне енген күнінен бастап төртінші тоқсанында берілген сертфикаттар саны 99%-ға қысқарған жылдың бес айы ішінде импорттық цементке берілген сертификаттар саны 86 пайызға қысқарған. Бұдан бөлек, желтоқсан айында «Ғимараттар мен құрылыс нысандарының, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ұлттық техникалық регламентті қайта қарау шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келесі шараларды ұсынды: Осыған дейін ұлттық заңнамамен реттелмеген табиғи тастардан (гранит, мәрмәр, травертин) құрылыс материалдар мен бұйымдардың физикалық-механикалық көрсеткіштерін реттеу; импорттық құрылыс материалдар мен бұйымдардың сертификаттауына талаптарды күшейту. Осы ұсыныстармен ішкі нарықты  заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс өнімдерінен қорғау көзделген. «Сұр» импорттың ел экономикасы дамуына теріс әсер етуінің екінші себебі аккредиттеу субъектілерінің (сертификаттау органдары мен сынақ зертханалары) тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау ережелерінің талапқа сай орындалмауы. Бүгінгі таңда тауардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалаумен: сертификаттау, сынақ хаттамаларын беру, көлік құралы типін мақұлдау, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздік куәлігін берумен аккредиттеу субъектілері айналысады. Өнімді қолданысқа бермес бұрын (әкелу және өндіру) мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рұқсат талап етілмейді.  Алайда өнім нарыққа өнімнің қауіпсіздігі талаптарының сәйкестігін растау бойынша мемлекеттік функциясы тапсырылған сертификаттау органдарының (OPS) және сынақ зертханаларының (IL) тікелей қатысуымен іске асырылады. Бұған кәсіпкерлік субъектілері тарапынан түскен көптеген өтінімдер дәлел.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin