Қоғамдық тәртіпті сақтау, ел азаматтарының мүддесі мен тыныштығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету полицияның басты міндеті болып табылады. Жалпы, қабыданып жатқан шаралардың нәтижесінде, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша жалпы криминогендік ахуал тұрақты. 2024 жылдың 10 айында қала аумағында тіркелген қылмыстар саны – 36,3 пайызға (1717-ден 1093-ке) азайды. Оның ішінде:
— қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 55,8 %-ға (807-ден 357-ге);
— көшеде – 56,5 %-ға (446-дан 194-ке);
— мас халде жасалған қылмыс — 2,6 %-ға (38-ден 37-ге);
— отбасы тұрмыста жасалған қылмыстар — 42,9 %-ға (6-дан 4-ке);
— кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар
— 45,2 %-ға (31-ден 17-ге) төмендеген. Жалпы, қылмыстың алдын алу және болдырмау, жол көлік оқиғаларының жолын кесу мақсатында бейне камералар тиімділігі оң әсерін тигізеді. Қаламызда мекенжай бағдарламасына сәйкес, 3 мың 868 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның ішінде, 3 мың 177 «Сергек» камералары. Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыстар атқару нәтижесінде, қаламызда 12 мың 855 бейнебақылау камералары Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Оның ішінде, 3 мың 446 білім орталықтарында, «Қауіпсіз қала» қағидаты бойынша «Казактелеком» Акционерлік қоғамы бұлтты бақылау (облачное наблюдение) 2 мың 460 және 1 мың 851 темір жол, жер асты өткелдерде, денсаулық сақтау объектілерінде, үй аулалары мен базар аумақтарында орнатылған. Осы жылы мекенжай бағдарламасы бойынша бірінші жартыжылдықта 1 мың 500 бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған, оның ішінде 1 мың 200 қоғамдық қауіпсіздік саласы және 300 жол қауіпсіздік саласы бойынша (автоматты түрде жол ережелерін анықтайтын камералар). Бұдан бөлек, екінші жартыжылдықта қосымша 1 500 камера орнатылатын болады, яғни жалпы 3 000 бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырмыз. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету нәтижесінде, жалпы тіркелген қылмыстар азайды.
Jsk ақпараттық агенттігі