• 23 ноября, 2024 6:39 пп

Шымкент қаласының дамуы – ел экономикасының драйверіне айналады!

Автор:admin

Май 15, 2023

Қаланың дамуы бірнеше фактордан тұратыны айқын. Нақтырақ айтсақ, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі дамымаса, шаһарды ұстап тұру өте қиын. Биылдың өзінде Шымкент қаласында 20 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліпті. Ал қаладағы өнеркәсіп кәсіпорындары 4,9 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1991 жылмен салыстырғанда 54 есе өсіп, 265 млрд теңгеден асқан. Тағы бір маңызды саланың бірі – тұрғын үй құрылысы екені сөзсіз. 900 мыңнан астам халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында соңғы 25 жылда Шымкентте 3 965 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй бой көтеріп, пайдалануға беріліпті. Қалада тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2005 жылдан бастап «Нұрсәт» шағынауданы салынып, бүгінгі күнге дейін 7374 пәтерлі 252 тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Осы аймақтан қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы бой көтеріп, үлкен құрылыс алаңына айналды. Биылғы жылы әкімшілік-іскерлік орталығында 2051 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Сонымен қатар қала экономикасына инвестиция тарту үшін «Тұран» шағынауданынан аумағы 427 га жаңа «Шымкент сити» жобасының құрылысы басталды. Былтырғы жылы инвестиция көлемі 14,8 млрд теңгелік 11 жобаның құрылысын бастауға бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде инженерлік-коммуникациялық жүйелердің құрылысына 1,9 млрд теңге, 270 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысына 388 млн теңге қаралған. Алайда бұл баспаналардың әлі де аздық ететіні жасырын емес. Осы түйткілдерді түбегейлі шешу үшін жергілікті билік Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан қосымша 77 мың га қосып, қала шекарасын ұлғайтты. Соның нәтижесінде Шымкент Оңүстік Қазақстан облысының агломерациялық орталығы статусына қол жеткізді. Мойындауымыз керек, Шымкент халқы өте еңбекқор келеді. Кез келген тұрғыны іскер, кәсіп жасауға бейім келеді. «Қазір біз осы еңбекқорлығымыздың арқасында, кәсіпкерлік жағынан республикада ең алдыңғы қатарда тұрмыз деп айта аламын. Қалада шағын және орта бизнес, қала экономикасының локомотивіне айналды. Қазіргі таңда, 75 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, осы салада 136 мың адам жұмыспен қамтылып отыр», – дейді шаһар басшысы.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin