• 5 ноября, 2025 8:26 дп

Шымкент қаласының прокуратурасы құқық саласында тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстарды жандандырды

Автор:admin

Сен 3, 2025

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтардың құқығын қорғау саласында көптеген іс-шаралар кешенін жүйелендіріп, бүгінде азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – прокуратура жұмысының басты бағыттарының бірі. Еңбек құқығын қорғау арқылы көптеген адамдар жұмыс орындарына қайта оралып, отбасыларын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болды. Білім алу құқығы қалпына келтірілген жағдайларда балалар мен жастардың мектепке, колледжге немесе университетке толыққанды баруына жол ашылды. Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген шаралар аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтардың мемлекеттен тиісті жәрдемақы мен көмекті алуына мүмкіндік берді. Бұл бастамалардың барлығы азаматтардың мемлекеттің қолдауын сезінуіне ықпал етіп, олардың қоғамға деген сенімін арттырды. Қала прокуратурасы бизнес қауымдастығымен өзара әрекеттесуге де ерекше назар аударды. Әлеуметтік тәртіпті нығайту және теріс әлеуметтік құбылыстардың алдын алу мақсатында «Яндекс.Еда» және «Wolt» компанияларымен арнайы меморандумдар жасалды. Прокурорлық қадағалау шараларының тиімділігін, олардың құқық қорғау тәжірибесінде нақты іске асырылып отырғанын айқын көрсетеді. Ең басты көрсеткіштердің бірі – 103 мыңнан астам азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Оның ішінде 1,5 мыңға жуық жағдай азаматтардың конституциялық құқықтарына – еңбек ету, білім алу және әлеуметтік қорғау құқығына қатысты болды. Бұл тек статистика емес, шынайы адамдардың тағдыры мен әлеуметтік әділеттіліктің орнығуы. Аталған құжаттарда заңмен тыйым салынған уақыттарда алкоголь өнімдерін жеткізуге шектеу қою қарастырылды. Бұл бастама тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдікке қол жеткізуіне тосқауыл қоюға бағытталды. Сонымен қатар, бұл келісімдер бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілікті сезінуін арттырып, қоғамға оң үлгі көрсететінін айта кеткен жөн.  Шымкент қаласында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Координациялық кеңестің екі отырысы өтті. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында өзекті үш мәселенің алдын алуға бағытталған кең ауқымды акция ұйымдастырылды. Олар: нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік (лудомания), буллинг. Бұл іс-шараларға мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Осындай кешенді жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешуде жаңа тәсілдер қалыптастырып, жастарға оң тәрбие беруге ықпал етті. Қазіргі таңда есірткі қылмысы тек офлайн емес, онлайн кеңістікте де кең таралуда. Осыған орай прокуратура коммуналдық қызметтермен бірлесе отырып, «Тазалық сақшылары» жобасы аясында қала көшелерінен есірткі жарнамасы бар 6 мыңнан астам жазбаны жойды. Бұл шара тек қана қала көркін жақсартумен шектелмей, жастардың есірткіге қатысты теріс ақпараттарға еркін қол жеткізуіне тосқауыл болды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin