• 22 ноября, 2024 5:13 дп

Шымкент қаласының су қорғау және санитарлық аймақтарының шекаралары мемлекеттік кадастр жүйесінде белгіленбеген

Автор:admin

Ноя 12, 2024

Шымкентте жер беру мәселесі өзекті және ерекше бақылауда. Бұл туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы Қанат Сүлейменов өңірлік ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте хабарлады. Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау шеңберінде мемлекет мұқтажы үшін алынатын жерлерді бағалауға, олардың есебін жүргізуге және меншік иелерін іріктеуге, сондай-ақ қорғау аймақтары шегінде объектілер салуға байланысты кемшіліктер анықталды. Мәселен, жер қатынастары саласында бес жыл ішінде 28 млрд теңге өтемақыға 1,5 мыңға жуық учаске мемлекет мұқтажы үшін алынған. Бұл ретте мемлекет мұқтажына алу туралы шешім 4,5 мың учаскеге қатысты қабылданғанымен, оның 67% — ы (3 мың жер) орындалмауда. Су қорғау және санитарлық аймақтар шегінде 2,5 мыңнан астам объектінің болуы – бұл уәкілетті органдардың мемлекеттік кадастр жүйесінде тиісті шекараларды белгілеу жөнінде шараларды уақтылы қабылдамауынан туындаған проблема. Жалпы, алдын алу шараларының қорытындысы бойынша әкімдікпен бірлесіп мемлекеттік алу процестерін цифрландыру, арнайы тізілім құру, мемлекет мұқтажы үшін алынған жерлерде мемлекеттік жобаларды іске асыру мерзімдерін белгілеу, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жүйесінде қорғалатын аймақтардың шекараларын көрсету бойынша ұсынымдар әзірленді. Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғамды қалыптастырудағы қайсарлық пен ымырасыздық ел басшылығының саяси еркі мен азаматтық қоғам, бизнес және қатардағы қазақстандықтардың кеңінен қолдауы арқылы туындап отыр. Бұл аспектіде мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады.  Бұл жерде күш-жігерді біріктіру және бірлескен шаралар арқылы сыбайлас жемқорлықтың себептерін, яғни олардың алғышарттарын жою қажет.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin