• 26 ноября, 2024 8:34 пп

Шымкент қаласының шалғай елді мекендерін кәріз жүйесімен қамтамасыз ету шаралары

Автор:admin

Окт 17, 2023

Шымкент қаласы Республикалық статусқа ие 3 мегаполистің бірі екендігі баршамызға мәлім. Ал қаланың инфрақұрылым мәселесі әрқашан күннің өзекті мәселелері қатарынан түспейді. Себебі Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспары бойынша қаланы 60 % дейін кәріз жүйесімен қаматамасыз ету көзделген. Осы мақсатта Шымкент қаласының шалға»й аудандарына кәріз жүйесін кезең-кезеңімен тарту жұмыстары басталып кетті. Бүгінде қала аумағында жалпы 838 шақырым кәріз құбырлары бар болса, оның ішінде 168 шақырымы магистралды және 670 шақырымы ішкі орамдық жүйелер. Алайда, 73% құбырлардың тозығы жеткен. Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәрізбен қамту мақсатында, 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Тоғыс шағын ауданындағы магистралдық кәріз коллекторының құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, ондағы 24 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады.  Сонымен қатар, Арғынбеков көшесінің бойымен №2 коллекторға дейін кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 49 мың адамды құрайтын 6 елдімекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмыстары  2024 жылға өтпелі.  Ал, Тұран шағын аудандағы №25,26,28,29 орамдардағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталса 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылатын болады.  Қазіргі таңда, 140 мың адамды құрайтын 14 шағын ауданда ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы жұмыстары басталған. Құрылыс нысандары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.  Осы жылдың соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 136 көпқабатты тұрғын үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса қаланы кәрізбен қамту көрсеткіші  50,1%- дан 52,3%-ға өседі.  Сондай-ақ, 2023-2024 жылдары ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталған жағдайда қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Шымсити, Асар-2, Достық, Тұран, Солтүстік саяжай шағын аудандары кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Тәулігіне 18-20 мың текше метр кәріз суы қосымша тазартуға қосылады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin