• 3 декабря, 2024 4:52 пп

Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат

Автор:admin

Окт 27, 2021

   Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 27 қазандағы жедел ақпаратқа сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.

    Сондай-ақ, 2021 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық» АҚ – да электр энергиясын өндіру 73 МВт құрайды және жұмыста № 2 — қазандық және № 2 — турбина. 

    Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.

Автор: admin