• 27 ноября, 2024 2:22 дп

Шымкент қаласының іскерлік белсенділігі – экономиканың өсуіне септігін тигізуде!

Автор:admin

Май 7, 2023

Шымкент — республикалық қала статусын иемденуімен қаланың іскерлік белсенділігі өсіп, күн санап халықтың санымен ғана емес, экономикалық қуатымен де қарқынды дамып келеді. Қала экономикасының орнықты дамуына өнеркәсіп саласының маңызы зор. Салада ағымдағы жылы 26 млрд. теңгеге 7 жоба жүзеге асырылып, 389 жаңа жұмыс орындары ашылды. Кәсіпкерлік санмен ғана емес, жаңа технологиямен жабдықталған сапалы өніммен де толығуда. Мәселен, «Рахат Шымкент» ЖШС-і Оңтүстік Кореялық компаниясының қаржысы есебінен құны 1,8 млрд.теңгеге мармелад өндіру желісін іске қосты. алада жұмыс істейтін 2 индустриялық аймақтың жерлері 100% игерілгенін атап өтті. Яғни, аталған аймақтарда бүгінде құны 42 млрд. теңгеге 67 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Олармен мемлекеттік бюджетке 16 млрд.теңге көлемінде салық түскен. Сонымен қатар, қала бойынша шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Қалаға инвестиция тарту мақсатында Сингапур, Түркия, Қытай, БАӘ, Ресей және Корея мен Өзбек елдерінің әлеуетті инвесторларымен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде өзбек инвесторларының қатысуымен ағымдағы жылдың 5-ші желтоқсанында қаламызда бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Альянс» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ) жіп иіру фабрикасы іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін 60 тонна, ал келесі жылы 6 мың тонна мақта-талшығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде бұрынғы «Меланж» АҚ-ы іске қосылады. Нәтижесінде жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығарылады. Бұл өз кезегінде елімізде өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттырады және 800 адамға жұмыс орнын береді. Келер жылы аумағы 306 гектарды құрайтын үшінші жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы мен ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін аумағы 136 гектар болатын «Агроиндустриалды аймақ» құрылатыны мәлім болды. Бүгіннің өзінде «Жұлдыз» ИА 20 млрд.теңгеге 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнымен 20 жобаны жүзеге асыруға инвесторлар ниет білдірсе, ал агроиндустриалды аймақта 109 млрд.теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылып, 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделуде екен. 5 әлеуметтік бастамасы аясында осы жылы 350 және 200 орындық екі жатақхана құрылысы аяқталып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді. Келесіжылы «Шымкент» ӘКК арқылы 2 500 орындықжатақхана салу жоспарлануда. Шымкент қаласында жаңа оқу жылынан бастап жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. Бұл жаңа мектеп құрылыстарын салуға инвесторларды тартуға мүмкіндік берді. Биылғы жылдың өзінде 5 мың орындық 11 жекеменшік мектеп ашылса, бюджет есебінен, 5 700 орынға арналған 9 мектеп құрылысы жүргізіліп, 5 білім ошағы пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды 4 мектептің мәселесі шешілді. Ал алдағы үш жылда жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы 10 мектеп құрылысы жеке инвесторлармен бірлесе жүргізілетін болады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin