Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында Қазақстан шикізат өндірісін дамытуға басымдық берген болатын. Бұл саясат өзін-өзі ақтады. Осы салаларды нығайтудың нәтижесінде еліміз сырттан мол ин¬вес¬тиция тартты. Уақыт өте келе Ұлттық қор құрылып, онда едәуір қаражат жинақталды. Осылайша, алғашқы кезде эконо¬м謬¬ка¬ны дамытудың стратегиялық бағытының дұрыс таң¬далуы қа¬зір¬гі күні көп іске жол ашқандығын көріп отырмыз. Сол көп іс¬тің ең маңыздыларының бірі инфрақұрылымның дамуы болып отыр. Жаңадан салынған автокөлік жолдары мен темір жол магис¬тральдары, олардың логистика¬лары, теңіз жолдары мен порт тер¬¬миналдары, әлемнің әр ша묬ғайына ашылып жатқан әуе жол¬дары, барлығы бірін бірі толық¬тыра, байыта келе Қазақ¬стан эконо¬мика¬сының уақыт өт¬кен сайын нығая түскен жаңа жота¬сына айналды. Сонымен қатар осы орайда айта кететін жайт Шымкент қаласының инфрақұрылым саласын дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің қатарында тұр. Қалаға жаңадан қосылған аудандар біртіндеп дамып, инфрақұрылым мәселесі шешілуде. Соның бірі Арғымақ шағынауданында қазір 200-ден астам халық қоныстанған. Инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы рет-ретімен атқарылуда. Арғымақ елдімекені мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен толық қамтылған. Көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүруде, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі сәтте ауызсумен қамту жұмысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Елді мекенде жалпы 80 жеке тұрғын үй бар. Нысанның қуаттылығы 405 үйге тіршілік нәрін жеткізуге қауқарлы. 2021 жылы басталған жоба барысында ұзындығы 6 800 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, тұрғын үйлерге қосу жұмысы жүргізілуде. Қалған бос жер телімдеріне су жүйесі тартылған, керек болғанда қосу мүмкіндігі бар. Бүгінде қалада ауыз су бойынша барлығы 7 нысанның құрылысы жүруде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетпек. Ал Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағын ауданы аумағындағы 195 орамда орналасқан Қызылтас көшесіне орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда. Бекітілген сметалық құжаттамаларға сәйкес көшенің ұзындығы 560 метр, ал ені 5 метр жолға асфальт қабаты төселді. Қазіргі таңда көшедегі асфальт салу жұмыстарын мердігер мекеме «БАЗИС-К» ЖШС атқарып жатыр.
Jsk ақпарат