• 21 ноября, 2024 11:13 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАТӨБЕ АУМАҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Янв 20, 2022

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратөбе (Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1, Тұрдыабад, Шаңырақ) аумағының инфрақұрылым жүйелерімен танысып, Е.Юсупов атындағы №104 мектепте тұрғындармен кездесті.

Еңбекші ауданы аумағында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» нақтыланып, бекітілген. Бүгінде Қаратөбе аумағындағы елді мекендер ауыз су, табиғи газбен толық қамтылған. 104,6 шақырым автомобиль жолдарының 61,3 шақырымы асфальтталған.

Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1 тұрғын алаптарына ауыз су жүйесі толығымен жаңартылып, қазіргі таңда тұрғындарға тәулік бойы ауыз су берілуде. Базарқақпа, Бадам-1 тұрғын алаптарында жекеменшік жүйедегі 998 абонентке бюджет есебінен электр желілері жүргізілсе, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і есебінен 901 абоненттің электр желілері жаңартылды.

Өткен жылы 4 спорт алаңшасы (Тұрдыабад, Бадам-1) салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Базарқақпа тұрғын алабында 6 көшеге, Абдулабад тұрғын алабында 2 көшеге асфальт жол салынды. Абдулабад елді мекенінің ішкі көшелеріндегі топырақ жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл Қаратөбе аумағындағы көшелерге бюджет есебінен асфальт төсеу жұмыстары атқарылады. Бадам-1 тұрғын алабында 153, Абдулабад тұрғын алабында 484 жекеменшік электр желілерін ауыстыру жұмыстары қолға алынады. Тұрдыабад тұрғын алабында 1 балалар ойын алаңшасы салынады. Аумақтағы 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қала әкімі аталған жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін қолға алынғанын атап өтті. Сметалық құжаттарға сәйкес жол төсеу жұмыстарын қатаң бақылауға алу және кездесуде айтылған тұрғындардың өтініші негізінде жер мәселесін шешу жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

JsK ақпарат

Автор: admin