• 22 ноября, 2024 8:19 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 30 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Автор:admin

Июн 5, 2022

Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:   1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау  3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік  4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары  5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту  6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту  7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі екені белгілі. Осы мақсатта халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында көп қабатты тұрғын үйлер арасында ішкі орам жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.  Атап айтқанда, Әлімбетов көшесі 45в, 45б, сондай-ақ «Спорт» шағын ауданында 14, 15 көп қабатты үйлер арасына асфальт төселді. Бұл – тұрғындар мен автокөлік қозғалысына оң септігін тигізіп отыр. Осыған дейін аудандағы 6 аулаға 3 494 шаршы метр аумаққа асфальт жол төселген болатын. Айта кетейік, аудан бойынша 404 көшенің жалпы ұзындығы 282 шақырым. Оның 215 шақырымы асфальт жабынымен қамтамасыз етілген, 55 шақырымы тас жол, қалған 12 шақырым топырақ жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданы 275 орамда мыңнан астам адам тұрады.  Биыл  Әл-Фараби ауданында ұзындығы 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр.  Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді.  МЖК ш/а Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная). 275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі. Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі,  Желтоқсан және Іляев көшелерінің  қиылысы Байтұрсынов көшесіне  кіреберісі де бар. Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі. 195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және  №1 көшелер.  Самал-2 ш/а Жабай ата мен Мейірбеков көшесі. Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін.  Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin