• 23 ноября, 2024 9:31 пп

Шымкент — ұлттық экономиканы жандандыруда белсенді!

Автор:admin

Май 13, 2023

Еліміздің үлттық экономикасының түрақты үлгісін қалыптас-тыру — үзақ уақытқа жалғасатын әрі бірнеше кезеңнен түратын процесс. Мүның өзінде қайта қүрудың бүрынғы және жаңа шару-ашылық жүргізу жүйелері жөнімен үйлеспейтін алғашқы кезеңін-де қиындық көп кездеседі. Оеының салдарынан қайта қүру бары-сын орынсыз жылдамдату, үтымды экономикалық шешімдерге саяси факторлардың орынсыз нұсқан келтіруі, жалпыүлттық мүд-делерге жеке меншік мүдделердің асып түсуі және т.б. ықтимал қиындықтар да үшырасады. Бүгінгі таңда егемен Қазақстанның дамуын үш кезеңге бөлуге болады. Жас тәуелсіз мемлекеттің алдында өнеркәсіп саласын уақыт талабына сай қайта құрып, оны ішкі және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаратын, экономикалық тұрғыда тиімді салаға айналдыру міндеті тұрды. Осынау күрделі міндетті жүзеге асыруға кейінгі онжылдықта жүзеге асқан Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және сол бағдарламаның аясында ашылған индустриалды аймақтар зор септігін тигізді деп айта аламыз. «Оңтүстік» индустриалды аймағы – республикада алғашқылардың бірі болып ашылған аймақ. 2010 жылы бұрынғы фосфор зауытының аумағын тазартып, оған көлік және инжинерлік инфрақұрылым желілерін тартуға бюджеттен 6 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалған. Сөйтіп, 337 гектар аумақ жаңа өндіріс орындарын ашуға әзірленді. Мұндай индустриалды аймақтың артықшылығы кәсіпорын ашуды жоспарлаған инвестор тек жер телімін ғана тегін алып қоймайды, сонымен қатар ол өз кәсіпорнына электр қуаты, газ, су, жол мен темір жол тұйығын жеткізу мәселесіне де бас қатырмайды. Осындай инфрақұрылымының барлығы әзірленген жер телімін алып, сол жерге өз зауытын сала береді. Шымкенттегі алғашқы индустриалды аймақ көп ұзамай өзін-өзі ақтай бастады. Алғашқы 5 жылдың өзінде мұнда 35 кәсіпорын жұмысын бастаса, бүгінде бұл көрсеткіш 72-ге жетіп отыр. Индустриялды аймаққа жалпы 62 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда онда 4500 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Осылайша, «Оңтүстік» индустриалды аймағының территориясы сұранысқа ие тауарлар өндіретін бәсекеге қабілетті кәсіпорындармен толып отыр. Олардың арасында құрылыс материалдарын, өндірістік электр құралдарын, мотор майын және өзге де тауарлар өндіретін заманауи кәсіпорындар бар.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin