• 22 сентября, 2024 11:22 пп

Шымкент: Әл-Фараби ауданында жаңа субұрқақтар іске қосылды

Автор:admin

Окт 6, 2023

Әл-Фараби ауданында жаңа субұрқақтар «Цум» сауда орталығы алдында, Байтұрсынов көшесіндегі саябақта, №8 мектептің  алдында, Әл-Фараби алаңы, Чернобыль саябағында, Тыныбаев және Дулати көшелері қиылысында қойылды. Әл-Фараби ауданы аумағында адам көп шоғырланған жерлерде жалпы саны 11 субұрқақ жұмыс істеуде. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылған болатын. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары – Арбат демалыс саябағында, Гүлжан аялдамасындағы «Қызғалдақтың» жанында, Орталық саябақта, Қонаев пен Иляев көшелерінің қиылысында, «Моцарелла» мейрамханасының алдында және Гипер хаус сауда үйінің тұсында ауызсудан ішіп, шөлін қандыра алады. Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылды. Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналған. Осы орайда, қала тұрғындары мен қонақтарынан  жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық! Жалпы аудан аумағына жолаушылардың хабы саналатын 10 нүктеге соңғы үлгідегі «Smart» аялдамалар салынбақ. Онда тұрғындардың ыңғайлылығы үшін тегін Wifi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша орнатылады. Ең бастысы қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмағаны абзал. Шымкент қаласындағы 5 орында орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын. Қыс мезгілінде уақытша жабылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына Иляев — Қонаев қиылысы, Арбат саябағы, Түркістан көшесі 55 және «Мацарелло» мейрамханасы алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында қайта қолжетімді болды. Жақын жоспар бойынша күндері Әл-Фараби ауданында ауызсу бұрқақтары жаңадан тағы 6 жерге орнатылмақ. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық! Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылған. Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналғанын ескеру керек. Жалпы аудан аумағына жолаушылардың хабы саналатын 10 нүктеге соңғы үлгідегі «Smart» аялдамалар салынбақ. Онда тұрғындардың ыңғайлылығы үшін тегін Wifi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша орнатылады. Ең бастысы қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмағаны абзал.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin