• 24 ноября, 2024 9:50 пп

ШЫМКЕНТ:ГАЗБЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОҚЫС-ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Ноя 7, 2022

Бұл туралы  Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұровтың қатысуымен газ тұтынушылардың ішкі газ жүйесіне техникалық қызмет көрсетуші мекемелер мен келісім-шартқа тұру міндеттілігі бойынша өткен баспасөз брифингте мәлім болды.

– 2022-2023 жылғы жылыту маусымына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу үшін жыл басында аудан әкімдіктері мен төтенше жағдайлар басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ басшыларына хат жолданып, жыл соңына дейін кесте бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, қала тұрғандарына газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл – профилактикалық жұмыстың мақсаты қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, — деді М.Әбдінұров.

Спикердің айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінгі күнге 13 компания қызмет атқарады. Ал, түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар.

ҚР «Газ  және  газбен  жабдықтау  туралы» Заңының 19 бабының  3 тармақшасына сәйкес, тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО)  өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті делінген.

Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері еңгізіліп, іске қосылған. Аталған бағдарлама арқылы үй-ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісім шартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар. Қала тұрғындары үйінде отырып 13 мекеменің қызметтерімен өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұруға мүмкіншіліктері бар.

Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан үйлерге биыл бюджет есебінен 2 972 газдабылқаққыш (газосигнализатор) орнату  жоспарлануда.

Бүгінгі таңда қала аумағында орталық газ жүйесіне қосылған абоненттердің жалпы саны : 213 527.

Оның ішінде:

  • көпқабатты тұрғын үйлер бойынша — 95 285
  • жеке сектор бойынша — 118 242 абонент;
  • өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар бойынша — 366;
  • тұрмыстық шаруашылық мекемелер бойынша — 6 700 абонент.

Jsk ақпарат

Автор: admin