• 18 октября, 2024 10:14 дп

ШЫМКЕНТКЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛСАҢЫЗ ӨКІНБЕЙСІЗ!

Автор:admin

Июн 14, 2023

Инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы айрықша. Себебі, Қазақстан – Еуропа мен Азияның тоғысқан жеріндегі жаңа стратегиялық орын. Бұған 500 млн-нан асатын тұтынушысы бар аймақтық нарық және 180 млн-нан астам тұтынушысы бар Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы нарығына преференциялық қолжетімділік бар, уақыты тиімді жүк тасымалы кіреді. Мысалы: Еуропа-Қытай-Санкт-Петербург — 10 күн; Гамбургке — 16 күн; Лондонға – 18 күн. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасында шешуші рөл атқарады – жалпы ұзындығы 10 құрлық дәлізінің маңызды учаскесін болып табылады және тасымалдау уақыты мен шығындарды айтарлықтай қысқартады. Ақтау және Құрық теңіз порттары – Қазақстан Республикасының басқа елдерде де теңіз порттарының инфрақұрылымы бар: Батуми (Грузия) және логистикалық Ляньюньган (Қытай). «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты арқылы өтетін трансконтиненталдық тасжолы Қытай мен Еуропа арасындағы жүктерді 10 күнде жеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде мегаполисте инвестклимат жақсарып келеді. Бұл бағыттағы кешенді шаралар өз жемісін беруде. Биылғы алғашқы тоқсанда қалаға 84,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Былтыр тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,6% құрап отыр. Шымкент – Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнеркәсіптік кәсіпорындары бар. Жалпы, жыл соңына дейін 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде. Діттелген межеге қол жеткізу үшін түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде. Биыл «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағының инфрақұрылым құрылысы аяқталады. Бүгінде аймақтың 1,8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы 21 жобасы әзірленді.

Jsk ақпарат

Автор: admin