• 24 ноября, 2024 10:22 дп

Шымкентте 15 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы аяқталды

Автор:admin

Ноя 2, 2023

Шымкентте 15 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы аяқталған. Шымкентте биыл 15 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы сәтті жүргізіліп халық игілігне берілген. 2023 жылға бөлінген қаржы көлемі – 3,8 млрд. теңге. Атап айтқанда, ауыз су (32,7 шақырым), жылу (9,9), электр қуаты (69,9 шақырым), газ жүйесі (21,9 шақырым), жолдардың (19,4 шақырым) құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінгі таңда игерілген қаржы – 3,5 млрд. теңге. Жыл қорытындысы бойынша 13 нысан пайдалануға беріледі. Бозарық тұрғын алабындағы инженерлік жүйелер, әкімшілік-іскерлік орталығындағы №7 а, 13, 14 көшелердің құрылысын аяқтау және Тұран шағынауданындағы 4 орамның (№20, 22, 23, 24) жобасын әзірлеуге жалпы 2,9 млрд теңге қосымша қаржы қажеттігі туындауда. Еңбекші ауданында қалаға жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған және Айнатас тұрғын алаптарының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды. Биыл толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2024 жылы Еңбекші ауданында 9 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында электрмен қамтылса, биыл 5 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында табиғи газбен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр екен. Ал, Әл-Фараби ауданына тоқталар болсақ, өткен 2025 жылы Сәуле шағын ауданы мен Текесу елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде ауданда ауыз су мәселесі толығымен шешіліп отыр. Оған қоса өткен жылы Ақтас-2 елді мекені мен 195 орамда газ құбыры тартылды. Ал, биыл 276-шы орамда газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Өткен жылы Шымкент қаласы Абай ауданында Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігі сапалы электр қуатымен, Асар-2 шағын ауданы ауыз сумен, Ынтымақ шағын ауданы мен Көкбұлақ тұрғын алабы табиғи газбен және Самал-3 шағын ауданы кәріз жүйесімен қамтылды. Жаңадан құрылған Тұран ауданында Ақтас және Жаңаталап елді мекендерінің аумағы 2024 жылы толығымен газдандырылды. Биыл Айкөл елді мекеніне табиғи газ құбыры тартылады деп жоспарланған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin