18 қаңтарда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506әскери бөлімінде жас толықтырым әскери антқабылдады. Әскери бөлімнің қатарына еліміздіңбарлық өңірлерінен қызмет атқаруға келген 400-ге жуық жас сарбаз қосылды.
Бұл маңызды іс-шара көптеген қонақтарды,соның ішінде сарбаздардың туған-туыстары менжақындарын жинады.
Осы салтанатты іс-шарамен жас ұландықтарды6506 әскери бөлімінің командирі полковник МаратРахпанов құттықтады.
— «Бүгін біздің әскери бөлімде салтанатты күн.Әрбір жауынгер үшін әскери ант — бұл өмірдіңбұзылмайтын Заңы, одан ешқандай шегінісболмайды. Ант қабылдай отырып, әскериқызметші Қазақстан халқына және оның заңдытүрде сайланған Президентіне адал болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мензаңдарын қасиетті сақтауға, өзіне жүктелген міндеттерді сөзсіз орындауға міндеттенеді.Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймынжәне алдағы қызметте табыс тілеймін», — депатап өтті Марат Оралұлы.
Жас сарбаздардың бірі қатардағы жауынгерАқжол Рамазан Алматы қаласынан шақырылды. Олбүгін қызметтестерінің алдында сөз сөйлеуқұрметіне ие болды.
— «Отанға адал болуға ант берген күн өмірде біррет болады. Әскери ант мәтінінде сөз көп емес,бірақ олардың терең мағынасы бар. Мен өзОтанымыздың игілігі үшін әскери борышымыздыабыроймен және ынтамен орындаймыз деп сенімбілдіремін», — деді жас ант беруші.
Іс-шараға Алматы қаласынан шақырылғанқатардағы жауынгер Руслан Андреев ерекше назараударды. Мерекенің ортасында ол сүйіктісінеөмірлік жары болуға сөз салды. Бұл әсерлі сәтрәсімнің нағыз ерекшелігі болды. Бақытқа толыоның сүйіктісі қуанышпен келісіп, жалпыпатриоттық көңіл-күйге романтикалық әсер қосты.
Құттықтаулардан кейін жас ұландықтар, әскериоркестрдің үнімен қадам басып, командирлері мената—аналарының алдында салтанатты шерумен өтті.
Айта кетсек, ант берген сарбаздар жақын арада Шымкент және Түркістан көшелерінде қоғамдықтәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойыншаміндеттерді орындауға кіріседі.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі