• 24 декабря, 2024 1:17 дп

Шымкентте балалар дәрігерлері 14 жастағы қыз баланың бауырынан 9 см эхинококк құртын алып шықты.

Автор:admin

Авг 26, 2023

Жасөспірім осы жылдың 21-тамыз күні ауыр халде Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата — анасы қабылдау бөліміне әкелген.
Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Жедел түрде науқасқа ота жасалған.

Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22-тамыз күні жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен яғни ота тіліксіз жасалынды. Бұл операцияның ерекшелігі эхинококк кистасын 9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шықты. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды”-дейді
Айта кетейік, аурухананың білікті балалар хирург дәрігерлері Ержан Байдуллаев, Қайрат Ізбасов және Асанбай Курманалиев, Гулжан Айдинованың қатысуымен ота сәтті өтті. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер пациентті үйіне шығаруға дайындауда.

Автор: admin