• 24 ноября, 2024 11:23 дп

ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДЕ ӨСІМ БАР

Автор:admin

Июл 1, 2023

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды. 6 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалғаны, өсім динамикасы тіркелгені атап өтілді.  Мегаполисте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  30,4 пайызға артты. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көлемі 14 пайызға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 32,3 пайызға артты.   Сонымен қатар, жалпы сауда көлемі 7,3%-ға, оның ішінде, бөлшек сауда 21,4 пайызға өскені байқалды. Үкімет басшысы жауаптыларға өңірлерді дамытуда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жалпы қабылданып жатқан шаралардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Орта мерзімді перспективада Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, сондай-ақ, Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауларындағы бағыттарды ескере отырып, әрі қарай жүзеге асыруға бағытталады. 2023 жылдардағы қала экономикасының басымдықтары төмендегідей боламақ: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру; орта мерзімге арналған кезеңде цифрлық технологияны қолдану арқылы, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және экономиканың даму қарқынын жылдамдату, сондай-ақ, ұзақ мерзімді кезеңде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру аясында цифрлық экономиканы құруды қамтамасыз ететін дамудың жаңа белесіне өтуге жағдай жасау;  еңбек  өнімділігін, бизнестің бәсекелік қабілеттілігін және технологиялық жаңғыртуды арттыру есебінен экспортқа бағытталған өндірісті ынталандыру негізінде экономика өсімдерін арттыруға ықпал ету, сонымен қатар, жеке қаржыларды тарту және қаланың әлеуетін арттыруды іске асыру;  тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті және энергия тиімділігін арттыру,  агроөнеркәсіп кешенін, көлік және логистикалық  инфрақұрылымды дамыту,  индустрияландыру жолымен экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту; «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында жұмыспен қамтуды арттыру,  «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру,  бизнестегі шығындардың барлық түрлерін төмендету, мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту есебінен бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; мемлекеттік бағдарламалар шегінде білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, үш тілде білім беруге кезеңмен көшу, «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білімді» іске қосу, денсаулық сақтау жүйесін түрлендіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, денсаулық сақтау саласын ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету  есебінен адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.

Jsk ақпарат

Автор: admin