• 10 января, 2025 8:06 дп

Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсті.

Автор:admin

Июн 13, 2023

Бұл ретте кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзгерістер ерекше байқалады. Шымкент экономикасы инвесторлар үшін әрдайым қолайлы болып қала бермек. Себебі Шымкент тоғыз жолдың торабында жатқан көне қала. Мысалы, өнеркәсіп өнімінің көлемі 319-дан 523 млрд теңгеге дейін өсті. Белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71-ден 88%-ға дейін артты. Шымкент шаһары республикалық мәртебеге ие болған сәттен бастап 1 трлн теңге жаңа инвестиция тартылды. 1,3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті 3,5 есеге ұлғайып, 455,5 млрд теңгеге жетті. Өнеркәсіп – қала экономикасының негізін құрайтын сала. Қазір Шымкентте өндірістік инфрақұрылымы бар 3 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Жақын арада тағы екі агро-индустриялық аймақты іске қосу жоспарлануда, онда ауданы 136 га заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені және «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағы құрылатын болады, онда биоқоспалары бар концентрацияланған құрама жем өндірісі, сүт зауыты, ет, жеміс пен көкөністерді қайта өңдеу кәсіпорындары орналасады. Айта кету керек, Шымкент өзінің болашағын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен және АӨК саласындағы логистикамен тығыз байланыстырады. Өйткені, қала аграрлық аймақтың орталығы болып табылады. Мегаполис тұрғындары АӨК саласында 30,7 млрд теңгенің өнімін өндірді. Салаға тартылған инвестициялар көлемі 7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 есеге жуық артық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте төрт жол торабында орналасқан, ауданы 92 гектар болатын сауда-логистикалық аймақ құрылды, онда өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері сақталады және таратылады. Қазір мұнда екі компания жұмыс істейді. Сонымен қатар, тағы үш логистикалық орталық салынуда.

Jsk ақпарат

Автор: admin