• 25 ноября, 2024 1:46 дп

ШЫМКЕНТТЕ ДИАБЕТТІК ТАБАН СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

Автор:admin

Апр 17, 2024

 

🔷 Қант диабеті асқынған науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін қалалық №2 аурухана базасында диабеттік табан бөлімшесі ашылған.

🔷 Аурухана дәрігерлері диабеттік табан синдромымен келген пациенттің аяқ ампутациясын алдын алу мақсатында эндоваскулалы баллонды ангиопластика, яғни стенттеу отасын жасайды. Тіліксіз ота арқылы науқастың аяғын аман алып қалуға болады.

🔷 Операция кезінде хирургтар катетерді артерияға енгізу арқылы тамыр қабырғаларын баллонмен кеңейтіп, стент орнатып береді.

🔷 Мұндай әдіс қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді. Сәйкесінше қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сапасын жақсартады.
_____________

Автор: admin