• 12 марта, 2025 7:28 пп

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Автор:admin

Мар 12, 2025

 

Қала аумағында көктемгі егіс науқаны басталды. Биыл 23 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары: дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2), майлы дақылдар – 3,3 мың га, мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га, картоп – 0,1 мың га егіледі.

Егіс көлемінен 81,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған. Көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна жанар жағар май бөлінеді.

Автор: admin