• 19 апреля, 2025 5:06 пп

Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды

Автор:admin

Ноя 1, 2024
Screenshot

Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдарын анықтады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды. Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Қала тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес – еліміздің тұрақты дамуына қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері қоғамның тұрақты дамуының шарттарының бірі болып табылады, оның маңызды құрамдас бөлігі – мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-әрекет жөніндегі жұмыс болып табылады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты былтырғы Жолдауында «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы екенін атап өтті. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деп мәлімдеді. Осы мәселеге қарай Ішкі істер министрлігі «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің үш жылға арналған кешенді жоспарын» (2023-2025 жылдарға) әзірледі. Кешенді жоспарда есірткінің қоғамға аса қауіпті түрлері, әсіресе синтетиканың жолын кесу, нашақорлыққа тәуелділікті ерте анықтауды енгізу, есірткіні қолданатын адамдар санын қалыптастыру, уәкілетті органдардың құзыреті мен мәртебесін арттыру, онымен қоса материалдық-техникалық жағдайды жақсарту жан-жақты қарастырылды. ұл кешенді жоспардың бұрынғы құжаттарға қарағанда, бірқатар ерекшелігі бар екенін айта кеткен жөн. Бұрын ішкі істер органдары тек қылмыстық қудалаумен айналысып, қылмыскерлерді лайықты жазаға тартуды басты мақсатқа айналыдырып алған. Соның салдарынан уәкілетті орган ретіндегі үйлестіру міндеті екінші орынға сырғып кетті. Басқа мүдделі органдардың белсенділігі төмендеп, олардың жауапкершілік аймағы айқындалмай қалды. Яғни, қай орган нақты немен айналысатыны белгіленбеді. Осы себепті де ведомствоаралық қарым-қатынас тиімділігін көрсетпеді. Оған қоса, жүйелі түрде жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан, материалдық-техникалық жағдай төмендеп кетті. Осының бәрі нашарқорлықтың себептерімен емес, тек салдарымен ғана күресуге алып келді. Сол себепті кешенді жоспар жобасында ең бірінші Ішкі істер министрлігінің үйлестіру функциясын айқындалды. Соның негізінде әрбір органның міндеттері белгіленіп, іс-шараның басым бөлігі профилактикаға бағытталды, қаржыландыру көлемі де бекітілді. Орайы келгенде айта кету керек, бұл маңызды ұжатты әзірлеуге 2 мыңнан астам азамат, 10-ға жуық үкіметтік емес ұйым жұмылдырылды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin