• 16 ноября, 2025 3:47 пп

Шымкентте жас сақшылар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті

Автор:admin

Окт 5, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев, құқық қорғау органдарының жұмысына сервистік модель қағидаттарын кеңінен енгізіп, кадрлық әлеуетін күшейту қажет екенін атап өткен болатын. Оның айтуынша, полиция мен басқа да құрылымдар билік және қоғам арасын байланыстыратын алтын көпір болуға тиіс. Ол үшін «Мемлекет пен азамат – біртұтас» деген іргелі қағидатымызға толық сай келетін халықпен қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыру керек. Бұл бағытта ілгерілеу бар. Бірақ қабылданған шаралар әлі тиімділігін көрсетпеді, өйткені бірізділік жоқ. Халықпен тікелей жұмыс істеуге кедергі келтіретін басы артық бюрократиядан арылу керек.

– Реформалардың шынайылығына, әділдікке және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне азаматтардың сенімі көбіне құқық қорғау органдарының кәсіби деңгейіне байланысты. Учаскелік инспекторлардың әлеуетін одан әрі нығайту қажет. Себебі олар іс жүзінде мемлекет пен қоғам арасындағы басты дәнекер саналады. Осы орайда Шымкентте жас сақшылар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионында «Жас сақшы» және «Жас динамо» кадет сыныптары арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Кубогына арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті. Салтанатты шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген 200-ден астам жас сақшылар қатысты. Турнирдің негізгі мақсаты жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау және патриоттық тәрбиені нығайту. Турнирді «Динамо» ДШСҚ республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков спорттық шараның ресми ашылуымен құттықтап, жас спортшыларға қолдау көрсетті. Шара №45 мектеп-гимназиясының оқушылары орындаған әсерлі барабан шоуымен басталды. Сондай-ақ авиа модельдеу бойынша спортшыларымен аэрошоу қойылып, көше гимнастикасы – воркаут бойынша халықаралық турнир жүлдегерлері өнер көрсетті. Бейбітшілік пен достықтың символы ретінде көкке ақ көгершіндер ұшырылды. Жарыстың қорытындысы бойынша 4-орын Түркістан облысына, 3-орын Ақмола облысына, 2-орын Жетісу облысына бұйырса, Астана қаласының жас сақшылары чемпион атанып 1-ші орынды жеңіп алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир еліміздің болашағы саналатын жас буынға спорт арқылы тәрбие беріп, еліне деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin